Абай облысындағы орман өртінен 15 адам қаза тапты. Бәрі – орман шаруашылығының қызметкерлері. Марқұмдардың туыстары Азаттыққа қайғылы оқиға болған күні не көргенін айтып берді.
Ауруханада көз жұмған науқастың туыстары екі жылдан бері Қарағанды облыстық аурухана дәрігерлерін жауапқа тартуға тырысып жүр. Әзірге еш нәтиже жоқ. Азаттық олардың талабын тыңдап, денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер қатесі үшін жазаны жеңілдетуге арналған бастамаларын шолып шықты.
Орал соты жергілікті белсенді, құрамында есірткі бар "Трамадол" препаратын заңсыз сатумен күресуші ретінде танылған заңгер Аслан Өтеповті "алаяқтық жасаған" және "пара беруге итермелеген" деп танып, оған жеті жыл түрме жазасын кесті. Өтепов "ойдан құрастырылған" айыпты мойындамайтынын айтты.
Павлодарда құрылысы жүріп жатқан және салынып біткен ондаған ғимарат дауға қалып отыр. Тағы бірнеше үй сот шешімімен бұзылмақ, көбі – тұрғындар пікірін ескермей, көпқабатты үйлер мен рекреациялық аймаққа жақын салынған нысандар. Бір-біріне жапсарлас тұрған үйлер – елдегі көп қалаға ортақ мәселе.
Шығыс Қазақстан облысында салынып жатқан елдегі ең ұзын көпір құны екі есе қымбаттап, 60 млрд теңгеден асты. Азаттық көпірді салып жатқан компанияны иелік етіп отырған екі кәсіпкер мен облыс әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғат Ахметов бизнес-серіктес болғанын анықтады.
Шығыс Қазақстандағы Маралды ауылының халқы елді мекен маңында алтын өндіретін фабрика салуға қарсы. Облыс әкімі Даниал Ахметовке үндеу жасаған олар "олигархтармен күресіп жатырмыз, әкімдік байлардың мүддесін қорғап отыр" деді. Азаттық бұл фабриканың артында кімдер тұрғанын анықтады.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясында 4 жұмысшы қаза тапқаннан кейін 10 айдан соң кәсіпорын басшыларын сотқа тартып жатыр. Өндірісте апат жиілеп, адам қазасы көп тіркелсе де, істің бәрі бірдей сотқа жете бермейді. Айыпталушылардың туыстары шын кінәлілер жауапкершіліктен сытылып кетеді деп күйінеді.
Астанаға Жаңаөзеннен тұрақты жұмыс беруді талап етіп келген, министрлік алдынан полиция күштеп алып кетіп, түні бойы ұстаған мұнайшылардың көбі пойызбен үйіне қайтты. Олар билікпен келіссөз өткізуге 10 адам қалғанын айтады. Жаңаөзенде полиция көшеден адамдарды ұстап әкеткені туралы ақпарат тарады.
Оралда жергілікті белсенді, "Халық жемқорлыққа қарсы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Аслан Өтеповтің соты өтіп жатыр. Оған "алаяқтық жасады", "пара беруге итермеледі" деген айып тағылған. Өтепов бұл іс "қолдан ұйымдастырылғанын" айтады, құқық қорғаушылар "істің саяси астары бар" деп біледі.
Тағы