Иран президенті Ибрахим Раиси мен сол елдің сыртқы істер министрі және өзге де билік өкілдері мінген тікұшақ апатқа ұшырап, ондағы адамдардың бәрі қаза тапты. Раиси 19 мамырда Әзербайжанмен шекарадағы жаңа су торабын іске қосу рәсімінен қайтып келе жатқанда опат болған.
Кремльдегі ауыс-түйістен кейін Ресей президенті жаңа әскери экономика құруға кірісті. Сарапшылар Путин бұл жоспарын жүзеге асыру үшін Қытайға арқа сүйеп, Си Цзиньпиннен көмек сұрайды дейді.
Словакияның Гандлова қаласында премьер-министр Роберт Фицоға белгісіз біреу қастандық жасады. Полиция күдіктіні ұстады. Фицоны тікұшақпен ауруханаға алып кеткен, қазір оның жағдайы ауыр екені хабарланды.
Грузия футболшылары 26 наурызда Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Грекияны жеңіп, ұлт қаһармандарына айналды. Биыл жазда Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына қатысады. Ұлттық құраманың кей ойыншылары "Шетел ықпалының ашықтығы туралы" заң жобасы мен полицияның наразыларға күш қолдануын сынап, белсенді ұстаным білдіріп жатыр.
"2023 жылы күллі әлемде адам құқықтары ахуалы бойынша кері кету байқалды. Қазақстанда пікір білдіру, бейбіт жиын өткізу мен бірлесу құқығы бұрынғыдай негізсіз шектелді". Amnesty International құқық қорғау ұйымы 24 сәуірде жарияланған адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы баяндамасында осылай дейді.
АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі жағдай туралы жаңа есебінде 2023 жылы Қазақстанда адам құқының жай-күйі айтарлықтай өзгермегені айтылған.
Buro Media, Verstka және OCCRP әскери қаруға қажет бөлшектер жасауға қолданылатын жоғары технологиялық жабдықтарды Еуропадан Ресейге жеткізудің "жалған транзит" жолын әшкерелеген жаңа зерттеуін жариялады. Журналистер Ресейге сатуға тыйым салынған тауар қазақстандық компанияның тапсырысымен алынып, Беларусь арқылы жеткізілгенін анықтаған.
Тағы