"2023 жылы күллі әлемде адам құқықтары ахуалы бойынша кері кету байқалды. Қазақстанда пікір білдіру, бейбіт жиын өткізу мен бірлесу құқығы бұрынғыдай негізсіз шектелді". Amnesty International құқық қорғау ұйымы 24 сәуірде жарияланған адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы баяндамасында осылай дейді.
АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі жағдай туралы жаңа есебінде 2023 жылы Қазақстанда адам құқының жай-күйі айтарлықтай өзгермегені айтылған.
Buro Media, Verstka және OCCRP әскери қаруға қажет бөлшектер жасауға қолданылатын жоғары технологиялық жабдықтарды Еуропадан Ресейге жеткізудің "жалған транзит" жолын әшкерелеген жаңа зерттеуін жариялады. Журналистер Ресейге сатуға тыйым салынған тауар қазақстандық компанияның тапсырысымен алынып, Беларусь арқылы жеткізілгенін анықтаған.
Израиль қарулы күштері Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласына шабуылдап жатыр. Енді жаяу әскер кіргізбек. АҚШ, Қытай, Германия бастаған бірқатар ел бейбіт тұрғындар қауіпсіздігіне алаңдап, жоспардан бас тартуға шақырды.
Еуропада фермелер наразылығы әлі жалғасып жатыр. Енді Испанияда шаруалар жолды жапты. Ал Пәкістанда ертең өтетін сайлау қарсаңында ірі жарылыс болып, ондаған адамның өмірін қиды. Бұдан бөлек бүгін Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылынан кемі үш адам қаза тапқан.
Тағы