Accessibility links

Тоқаев инфляция мен теңге бағамына байланысты Ұлттық банк саясатын сынға алды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Сүлейменов басқаратын Ұлттық банк жұмысын, атап айтқанда теңге мен инфляция бойынша жағдайды сынға алды.

Сейсенбі күні Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев Ұлттық банк жұмысына байланысты әлі де мәселелер бар, жұртты алдымен құбылмалы теңге бағамы алаңдатады деді.

"Сарапшылар АҚШ доллары нығайса, теңге бағамына қысым болады деп отыр. Валютаны тұрақты ұстап, жалпы инфляцияны тежеу – өте маңызды жұмыс. Бұл – үкіметпен тығыз байланыста жүргізілетін негізгі жұмыс. Тәуелсіз әрі дербеспіз деген бұрынғы көзқарастар қазір жоқ, өйткені жағдай өзгеше", – деді Тоқаев.

Ол Ұлттық Банк валютаны тұрақты ұстап, инфляцияны тежеу керек деді.

Қазақстан қор биржасының ақпаратына сәйкес, 27 қаңтарда 1 АҚШ доллары 516,77 теңгеге тең болған. Қаржы сарапшылары мұнай бағасы төмендесе я ОПЕК-тегі өзгерістер теңгеге теріс әсер етуі мүмкін деп топшылап отыр. Сарапшылардың пікірінше, Ресейге салынған санкциялар рубль бағамына айтарлықтай әсер етеді.

Былтыр күзден бастап Қазақстанда инфляция өсіп, долларға шаққандағы теңге бағамы әлсіреп жатқаны байқалады. Теңге әлсіреп жатқан шақта Ұлттық банк валюта нарығында доллар сатып, интервенция жүргізді. Жақында Қазақстан Ұлттық банкі инфляция өсуіне және теңге әлсіреуіне байланысты базалық мөлшерлемені 15,25 пайыз шамасында сақтап қалды.

Күнде өсіп жатқан инфляциямен күресу мақсатында мөлшерлемені төмендетпеу туралы шешім қабылданған. Бағаның өсуіне қызметтердің қымбаттауы, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы және теңгенің әлсірегені себеп болған деп түсіндірді Ұлттық банк.

Құлаған теңге, күшейген доллар. Енді не болады? – AzatNEWS | 29.11.2024
please wait

No media source currently available

0:00 0:22:42 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG