Батыс басылымдары Ақтау маңында құлаған ұшаққа ресейлік зымыран тиген деген ақпарат таратты. Мәскеу ресми тергеу аяқталғанға дейін долбар жасамауға үндеді. Апат салдарынан азаматтарынан айырылған Әзербайжан мен Қазақстандағы реакция қандай?
Батыс ақпарат агенттіктері Әзербайжан билігіндегі дереккөздеріне сүйеніп, Қазақстанда құлаған Azerbaijan Airlines ұшағына Ресейдің атқан зымыраны зақым келтірген деп жазды. Мәскеу ресми тергеу аяқталғанға дейін долбар жасамауға үндеді. Осы тақылеттес сөзді Қазақстанның ресми тұлағалары да айтты.
Инфляцияны тежеу, бюджет дефицитін азайту, мұнай экспортын диверсификациялау және адам құқықтары ахуалын жақсарту... Қазақстан 2025 жылы назар аударуы тиіс экономикалық, саяси және қаржылық қиындықтардың бір парасы – осылар.
Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Аман қалған 29 адам ауруханаға түскен.
25 желтоқсан Әзербайжан әуе компаниясының Embraer 190 жолаушы ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға бет алған. Бірақ ресми дерек бойынша, Грозныйда қалың тұман болғандықтан, Ақтауға жөнелтілген. Бірақ Ақтау әуежайына жете алмай қала маңындағы жазыққа бауырлай құлаған.
Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының маңына жолаушы ұшағы құлады. Ресми дерекке сай, Бакуден Грозныйға бара жатқан ұшақта барлығы 67 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Грозныйда тұман болғандықтан ұшақ әуелі Махачқалаға, кейін Ақтауға қонбақшы болған.
Қазақстанның шығысында орналасқан Өскемен қаласында қазір сағат 15:30-да күн батады. Бұл былтырғы жылдан бір сағатқа ерте. Көктемде үкімет жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған елдің барлық өңірін бір уақыт белдеуіне ауыстырған.
2024 жыл Қазақстанның баспасөз саласында қандай ерекшелігімен есте қалмақ? Азаттық әртүрлі ақпарат құралында істейтін журналистердің пікірін сұрады.
"НАТО жақындап келеді", "теріс пиғылды елдер" адам құқығын қорғау деген желеумен ТМД-ға ақпараттық шабуыл жасап жатыр. Бұл Ресей телевидениесінде айтылып жүрген үйреншікті сөз емес. Бұл бұрынғы қазақстандық жоғары лауазымды шенеунік Иманғали Тасмағамбетовтің мәлімдемесінде айтылған сөздер.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев – "ескі Қазақстаннан" қалған аз ғана өкілдің бірі. Forbes нұсқасы бойынша, оның байлығы 5 млрд долларға жеткен, яғни 2022 жылдан бері 1,2 млрд долларға артқан.
Тағы