10 желтоқсан – адам құқығы күні. Маржан Аспандиярова, Макс Боқай, Ғалым Ағелеуов жеке тәжірибесіне сүйеніп, Қазақстанда құқық қорғаушы болудың қиындығы қандай, елдегі адам құқығы ахуалы қалай деген сұраққа жауап берді.
Ресей президентінің Қазақстанға сапары аясында Астанада екі ел тарихшыларының форумы өтті. Бұл – Мәскеу мен Астананың тарих жөніндегі әріптестігінің ең кейінгі мысалы. Екі ел осы мәселені бұған дейін де талқылаған. Бұл нені білдіреді? Мәскеу қазақ тарихын жазуға араласқысы келе ме?
Жолдағы көлік кептелісі Қырғызстан астанасы Бішкек пен Қазақстанның ірі қаласы Алматының халқына да, экономикасына да кері әсер етіп отыр. Бұл екі қала да совет кезінде салынғандықтан, қазіргідей көлік нөпірін көтере алмайды.
Өскеменде бір топ адам Ресейдің "Белгісіз солдат күні" деп аталатын еске алу күнін атап өтті. Олардың арасында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандар рухына тағзым етуге келгендер де, сонымен бірге Ресей Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғыста із-түссіз кеткен туысын жоқтағандар да болды.
Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында емделген екі қыз "мекеме қызметкерлері бірнеше рет зорлады" деп мәлімдеді. Қыздардың бірі кәмелетке толмаған. Полиция "Зорлау" бабымен іс қозғаған. Күдіктілер әлі анықталған жоқ. Жәбірленуші тарап кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.
Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) мен оның 26 медиа серіктесі (арасында Азаттық та бар) бірлесіп екі жыл бойы жүргізген жаңа зерттеуде Қазақстандағы стратегиялық маңызы бар Каспий құбыры мен сол арқылы шикізат жөнелтетін мұнай кен орындарына қатысы бар келісімдер талданған.
Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің басшылары халықаралық және аймақтағы ахуалды жабық жиында талқылады. Украина мен Ресей өзара соғыста алысқа ұшатын зымырандар қолданып жатқан шақта оның ҰҚШҰ-ға әсері жөнінде түрлі болжам айтылып отыр.
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласын 20 қарашадан бері газ бен тұман тұмшалап тұр. Әлеуметтік желі қолданушылары шұңқырда орналасқан қала түтінге бөгіп, іргедегі таудың төбесінен көрінбей қалғанын дәлелдейтін видеолар жариялап жатыр.
Айтыскер ақын Нұрболат Абзалханов сегіз жылдан бері арбада отыр. Қазір ол жазба поэзияға ден қойып, шығармашылығын шыңдап жүр. Болашақта жыр кешін өткізуді армандайды.
Бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталады. АЭС салу, газ тасымалдау, Украинадағы ахуал және "гуманитарлық әріптестік" – сапар барысында ашық және жабық талқылануы мүмкін мәселелердің бір парасы.
Тағы