Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының маңына жолаушы ұшағы құлады. Ресми дерекке сай, Бакуден Грозныйға бара жатқан ұшақта барлығы 67 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Грозныйда тұман болғандықтан ұшақ әуелі Махачқалаға, кейін Ақтауға қонбақшы болған.
Қазақстанның шығысында орналасқан Өскемен қаласында қазір сағат 15:30-да күн батады. Бұл былтырғы жылдан бір сағатқа ерте. Көктемде үкімет жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрған елдің барлық өңірін бір уақыт белдеуіне ауыстырған.
2024 жыл Қазақстанның баспасөз саласында қандай ерекшелігімен есте қалмақ? Азаттық әртүрлі ақпарат құралында істейтін журналистердің пікірін сұрады.
"НАТО жақындап келеді", "теріс пиғылды елдер" адам құқығын қорғау деген желеумен ТМД-ға ақпараттық шабуыл жасап жатыр. Бұл Ресей телевидениесінде айтылып жүрген үйреншікті сөз емес. Бұл бұрынғы қазақстандық жоғары лауазымды шенеунік Иманғали Тасмағамбетовтің мәлімдемесінде айтылған сөздер.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев – "ескі Қазақстаннан" қалған аз ғана өкілдің бірі. Forbes нұсқасы бойынша, оның байлығы 5 млрд долларға жеткен, яғни 2022 жылдан бері 1,2 млрд долларға артқан.
Биыл күзде Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Полаттың жақындары әкімшілік жауапқа тартылды. Марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 күнге қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Онымен бірге екі туысы 15 күнге қамалып, тағы біреуіне айыппұл салынды.
10 желтоқсан – адам құқығы күні. Маржан Аспандиярова, Макс Боқай, Ғалым Ағелеуов жеке тәжірибесіне сүйеніп, Қазақстанда құқық қорғаушы болудың қиындығы қандай, елдегі адам құқығы ахуалы қалай деген сұраққа жауап берді.
Ресей президентінің Қазақстанға сапары аясында Астанада екі ел тарихшыларының форумы өтті. Бұл – Мәскеу мен Астананың тарих жөніндегі әріптестігінің ең кейінгі мысалы. Екі ел осы мәселені бұған дейін де талқылаған. Бұл нені білдіреді? Мәскеу қазақ тарихын жазуға араласқысы келе ме?
Тағы