Қазақстанда мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялар мердігерлермен жасалған келісімшарттарында "дау туған жағдайда қазақ тілінен орыс тілі басым болатынын" атап жазғанын тіл белсендісі Жалғас Ертай көтерді. Бұл жайт Конституцияға қайшы емес пе? Азаттық ресми органдарға хат жолдап, жауап алды.