Астанада бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр. 89 елдің спортшылары қатысатын көшпенділер мәдениетін тойлау шарасы алғаш Қырғызстаннан басталған. Бұл табиғи байлығы жоқ шағын мемлекет ғаламдық жоба ойлап таба алатынын көрсетеді.
Сардоба – суды жинап, сақтауға арналған ертедегі гидротехника құрылысы. Орта ғасырларда Орталық Азияның қуаңшылық жайлаған аудандарында кең тараған. Қайнар сардобасы – бізге дейін жеткен аздаған құрылыстың бірі. Ол Өзбекстан аумағында, Сырдарияның бір саласы Ахангаран өзеніне жақын маңда орналасқан.
Өзбек шенеуніктері елде сақалға қарсы науқан жүргізіп, ер адамдарды қырынуға мәжбүрлеп жатыр. Тіпті Париж Олимпиадасына қатысқан өзбек спортшыларынан да президентпен видео-конференцияда сөйлесер алдын сақалын алуды талап еткен. Елдегі танымал әншіні сақалы үшін телеарнаға шығармай қойған.
Панчшанбе – Тәжікстандағы ең үлкен базар және Орталық Азиядағы ірі базарлардың бірі. Тарихы тым тереңде жатқан сауда орны қазір әлемнің әр түкпірінен келетін мыңдаған туристің назарын аударып тұр әрі Тәжікстандағы екінші үлкен қала Хожанттың ең көрнекі жері. Базар мен Сырдария біртұтас: мұнда сатылатын дүниенің бәрі осы өзеннің жағалауында өсірілген.
Халықаралық "Шекарасыз өзендер" қоғамдық қорының жетекші сарапшысы Евгений Симонов Сырдариядағы экологиялық мәселелер және олардың шешу жолдары жайлы ой бөлісті.
Қырғыз омарташыларының үш буыны бал жинау үшін ел ішінде көшіп-қонып жүр. Жаһандық климаттың өзгеруі отбасылық бизнеске де әсерін тигізіп жатыр: араның ұясын көшіру жоғары өрлей-өрлей, Екі Нарын алқабына тірелген. Бұл жерден Сырдарияға құятын өзендер бастау алады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерін қорғаныс саласындағы әріптестікке шақырды. Әзербайжан президенті бұл жаңалықты қуана қарсы алса, Ресей ұната қойған жоқ. Сарапшылар бұл Қазақстанның Украинадағы соғыстан кейінгі дипломатиялық позициясының жалғасы дейді.
Түркіменстанда жаңа оқу жылы қарсаңында мұғалімдер мақта теруге жіберілді. Елде мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен әскери қызметкерлерді экспортқа шығатын маңызды өнім — мақта жинау науқанына тарту үрдіске айналған.
Тағы