Ресейде бала туу көрсеткіші 2000-жылғы деңгейге түсіп кеткен. Бұл жөнінде 30 қаңтарда Ресей денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Виктор Фисенко мәлімдеді. Оның сөзінен "Интерфакс" үзінді келтіреді. Дүниеге келген нәрестелер саны бойынша Ресейде ең төмен көрсеткіштердің бірі 2000-жылдары тіркелген.
Росстат мәліметінше, 2024 жылы қаңтар мен қараша айларында Ресейде 1,124 млн бала дүниеге келген. Вице-министр осы мәліметке түсініктеме берген.
Фисенконың сөзінше, бала туу көрсетіші бойынша теріс тенденция 2017 жылдардан бері басталған. Бұл әсіресе, Ресейдің Еврей автономды өлкесі, Калмыкия, Алтай республикасы, Вологад облысы, Камчатск өлкесінде тіркелген деп жазды ТАСС.
Бұған репродуктивті жастағы әйелдер санының азаюы мен халықтың қартаюымен байланысты жас құрылымы себеп.
2023 жылы қарашада Ресей президенті Владимир Путин Ресей "күрделі демографиялық қиындықтарға" тап болды деп мәлімдеп, көп балалы отбасы дәстүрін қайта жаңғырту керектігін айтқан.
The Moscow Times жазуынша, Ресей ғылым академиясы осыған орай "арнайы демографиялық операцияны" жүргізуге үндеген. Ресей ғалымдары тұрғындарды қаладан ауылға жаппай көшіруді ұсынған.
ПІКІРЛЕР