18 жылға сотталған Арон Атабектің бір айдан бері карцерге қамалып, жүре алмай қалғаны хабарланды. Белсенділер оған медициналық көмек көрсетуге шақырып, Facebook-те қол жинай бастады.
Тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының қамаудағы жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова жақында күйеуімен кездесіп қайтты.
Алматыда тұратын Қырым татарлары 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алды. Қырымдағы жағдайға «жүректері ауыратынын» айтқан диаспора өкілдері оған саяси баға беруден қашқақтайды.
Жергілікті тарихшы 1930 жылдары Қазақстанда болған ашаршылыққа саяси тұрғыдан да, академиялық зерттеу тұрғысынан да әділ баға берілген жоқ деп санайды.
Қазақстандағы ашаршылық туралы кітап жазған неміс тарихшысы Роберт Киндлер Азаттыққа берген сұхбатында «зардаптарына қарамастан, ашаршылықты геноцид деп есептемейтінін» айтты.
Рок-н-ролл "қырғи қабақ" соғыста құпия қару болды ма? Жаңа деректі фильм рок музыканың совет қоғамына ықпалы жайлы баяндайды.
Түрмеде жатқан «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевпен кездескен құқық қорғаушы оның денсаулығына қауіп төніп тұрғанын айтады.
Алматылық белсенділер «сталиндік респрессияға қатысқан большевиктің» атында көше болуына қарсы. Тарихшылар Қазақстанның советтік құндылықтардан арылмағанын айтады. Әкімдік «халық пікірін ескеруге» шақырады.
28 наурызда Плзень қаласының соты Мұхтар Әблязовтың ісі бойынша ұсталған Татьяна Параскевичті экстрадициялау туралы Ресейдің өтінішін қарайды. Бұған дейін сот Украинаның мұндай өтінішін орындаудан бас тартқан.
«Қазатомпромның» бұрынғы басшысы, ұзақ мерзімге сотталған Мұхтар Жәкішевтің «соққыға жығылғаны» туралы ақпаратқа билік екіұшты жауап береді. Құқық қорғаушылар оның «қатыгездікке ұшырағанын» айтады.
1995 жылғы Дейтон келісімінен соң Босния мен Герцеговинада бейбітшілік орнаған еді. Бірақ келісім негізінде құрылған ерекше жүйеде пайда болған бюрократия қазір елдегі тәртіпсіздіктерге себепкер ретінде сынға ілінді.
Туыстары "медициналық жәрдемге қолы жетпей отырған Мұхтар Жәкішевтің денсаулығы одан сайын нашарлауы мүмкін" деп алаңдайды.
Тағы