Украиналық жас сарбаз қарулас серіктерімен бірге Донецк облысындағы майдан шебінде ас-сусыз, аса ауыр жағдайда Ресей басқыншылығына қарсы қалай күрескенін баяндайды.
Батыс санкциясына ілінген Беларустің "Интеграл" кәсіпорны 2022 жылдың наурызынан 2024 жылдың маусымына дейін Ресейге құны 130 миллион еуродан асатын миллиондаған микросхемана жеткізген. Кәсіпорын еуропалық құрал-жабдықтарды Қазақстандағы шағын компания арқылы сатып алған дейді зерттеу авторлары.
Ресей федерациясы құрамындағы Солтүстік Кавказ республикаларында күйеуінен ажырасқан, қайта тұрмысқа шыққан немесе жесір қалған әйелді өз баласына қамқоршы болу құқығынан айыру жиі кездеседі.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Еуропадағы еврей ұлтының өкілдері мен Совет одағы әскері қатарынан тұтқынға түскендерді газ камерасында тұншықтырып, кейін мүрдесін өртеп отырған Аушвиц (Освенцим) концлагерінің жабылғанына биыл 80 жыл.
АҚШ паспортын алуға ұмтылатындар көп, одан бизнес жасап, "босану туризмін" жолға қойғандар да бар. Дегенмен, жұрттың бәрі АҚШ-қа паспорт үшін ғана бара бермейді. Дональд Трамптың жаңа жарлығы Америкаға пана іздеп барған шарасыз иммигранттар мен олардың балаларына көп қиындық туғызуы мүмкін.
Азаматтары жаппай Түркияға кетіп жатқанына және шетелде жүріп Ашғабатқа наразылық білдіріп жүргеніне намыстанған Түркімен билігі елге паспорт ауыстырамын деп келгендерді шетелге шығармай жатыр. Салдарынан отбасылар ажырап жатыр.
2024 жылы 15-17 қаңтарда Башқұртстанның Баймақ қаласында белсенді Фаил Алсыновқа шығарылған үкімге қарсы азаматтар сот ғимаратына қарай ағылды. Мұның аяғы наразыларды жаппай ұстауға ұласып, тергеуден кейін екі адам қаза болды, 80 қылмыстық және 520 әкімшілік іс қозғалды.
АҚШ-тың 47-президенті болып сайланған Дональд Трамп 20 қаңтарда ант беріп, ресми түрде қызметіне кіріспек. Бұған дейін де бір мерзім президент болған Трамп дипломатиялық нормаларды қатаң ұстана бермейтіндігімен белгілі. Сондықтан оның инаугурациясы да дәстүрдегіден өзгешелеу өткелі отыр.
Тағы