Accessibility links

WP: АҚШ Сирияның жаңа билігіне ДАИШ туралы барлау деректерін берді


АҚШ террористік ДАИШ ("Ислам мемлекеті") тобынан төнген қатер жөнінде барлау деректерін Сириядағы жаңа билік өкілдері – "Хайят Тахрир аш-Шам" ұйымына берді. Көптеген ел соңғы аталған ұйымды да террористік топ ретінде таныған. Бұл жөнінде Америка шенеуніктеріне сүйенген The Washington Post басылымы жазды. Вашингтон екі топты да террористік ұйымдар қатарына кіргізген.

Дереккөздің айтуынша, Вашингтон мен Сирияның жаңа билігі былтыр 8 желтоқсанда Башар Асад режимі құлағаннан кейін екі апта өткен соң алғаш рет байланыс орнатқан. Ол кезде "Хайят Тахрир аш-Шам" бастаған үкімет әскеріне қарсы топ Дамаскіні басып алған, ал Асад Ресейге қашып бас сауғалаған.

The Washington Post басылымының жазуынша, барлау деректері делдалсыз тіке тапсырылған.

Осындай дерек алмасудың нәтижесінде қаңтарда Дамаскідегі шииттердің киелі орны "Хайят Тахрир аш-Шам" шабуылынан аман қалған деп айтылады.

Басылымның жазуынша, барлау деректерімен бөлісу ДАИШ-ті тежегісі келетін екі жақтың мүддесіне сай және бұл АҚШ-тың "Хайят Тахрир аш-Шамды" мойындағанын білдірмейді.

Американың бұрынғы шенеунігінің сөзінше, бұл барлау дереккөзіне қатер төндірмеген жағдайда өзге шет мемлекетке төнген қатерді ескерту міндеттемесіне сәйкес келеді.

Орталық барлау басқармасы түсініктеме бермеді, алайда шенеуніктердің бірі дерек беруді қалыпты тәжірибе екенін айтты. Оның сөзінше, ерекше қатер кезінде Ресей және Иранмен де осыған ұқсас алмасулар болып тұрады.

XS
SM
MD
LG