21 ақпан — Халықаралық ана тілі күні. Азаттықтың Татар-Башқұрт редакциясы (Idel.Реалии) татар ұлтының үш өкілімен сөйлесіп, қазіргі Ресейде аз ұлттардың тілінде сөйлеудің жайы қалай екенін, олардың ана тілі қандай қиындыққа кез болып отырғанын талқылады.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың серіктес болу ықтималдығы Киев пен Еуропа елдерін ғана емес, Қытайды да алаңдатып отыр.
АҚШ пен Ресейдің шенеуніктері Украинадағы соғысты аяқтау жөніндегі алғашқы келіссөзін аяқтады. Вашингтон мен Мәскеу дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге және үш жылға ұласқан соғысты аяқтау жөнінде келіссөз бастауға уағдаласты да, Кремль жаңа талаптарын жариялады.
Кремльдің Украинаға басқыншылығына қарсы болғаны үшін қысым көріп, шетелге кеткен ресейлік эмигранттардың көбі бұрынғы кәсібін жалғастыруға тырысады. Бірақ ондай мүмкіндік әркез бола бермейді. Север.Реалии сайтының материалын ұсынамыз.
СССР әскерінен екі рет қашып, АҚШ-ты паналауға мәжбүр болған ауған азаматы орыстарды жек көріп, кейін кешіре білгенін айтады.
Тарифтер. Технологиялық компанияларды басқару. Жасыл инвестициялар. Алдағы жылдары АҚШ пен Еуроодақ арасында көп дүрбелең болатын сияқты.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинге және Украина президенті Владимир Зеленскийге телефон соғып, соғысқа тоқтау салатын бейбітшілік келіссөзін бастау жайын талқылағанын айтты.
АҚШ үкіметі заңсыз жүрген мигранттарды жаппай депортациялауға кірісті. Ақ үй бұл саясат қылмыс жасағандарды ғана емес, виза мерзімін өткізіп алғандарды, тіпті саяси пана іздегендерді де қамтитынын мәлімдеді. Депортация қаупі төнгендер арасында Қазақстан азаматтары да бар.
Украиналық жас сарбаз қарулас серіктерімен бірге Донецк облысындағы майдан шебінде ас-сусыз, аса ауыр жағдайда Ресей басқыншылығына қарсы қалай күрескенін баяндайды.
Батыс санкциясына ілінген Беларустің "Интеграл" кәсіпорны 2022 жылдың наурызынан 2024 жылдың маусымына дейін Ресейге құны 130 миллион еуродан асатын миллиондаған микросхемана жеткізген. Кәсіпорын еуропалық құрал-жабдықтарды Қазақстандағы шағын компания арқылы сатып алған дейді зерттеу авторлары.
Ресей федерациясы құрамындағы Солтүстік Кавказ республикаларында күйеуінен ажырасқан, қайта тұрмысқа шыққан немесе жесір қалған әйелді өз баласына қамқоршы болу құқығынан айыру жиі кездеседі.
Тағы