Оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлын қастандықпен өлтіргеннен бері 10 жыл өтті. Бірақ «Қастандыққа тапсырыс беруші кім? Қандай елге айналдық?» деген дау әлі толастаған жоқ.
Оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовты Ресейге экстрадициялауды Франция үкіметі қолдап отыр. Оның адвокаттары әлі шағымдануға мүмкіндік бар екенін айтады.
«Мектеп» баспасынан былтыр және биыл шыққан кей оқулықтарда Қырым «Ресей субъектісі» ретінде көрсетілген. Оқулық авторларының өз уәжі бар, ал кей сарапшылар олармен келіспейді.
«Қазақстан конституциялық құрылымын өзгертпек болған» Ресей ұлтшылы Поткин ісінің тергеуі аяқталды. Істе Қазақстан белсенділері де аталады. Ал олар «қатысымыз жоқ» дейді.
Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы қыркүйектің 2-сінде Жапонияның капитуляция актісіне қол қоюымен аяқталды. СССР тұтқындаған жапон әскерінің 60 мыңдайы Қазақстанға, ГУЛАГ қарамағына жіберілген.
Астана соты түрмеде отырған ақын әрі диссидент Арон Атабектің жеті талабының қалған екеуін де орындамады.
Свердлов облысында мектеп кітапханаларынан британ ғалымдарының екінші дүниежүзілік соғыс жайлы кітаптарын алып жатыр. Авторлардың бірі оларды бұрынырақ неге алмаған деп таңданады.
Экс-премьер, бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовпен қоса Қарағанды облысы экс-әкімінің, Қарағанды қаласы экс-әкімінің және басқа да шенеуніктердің ісін тексеру аяқталып, сотқа тапсырылды.
Бүгін Венада «Нұрбанк» топ-менеджерлерін өлтіру ісі бойынша алқабилер соты жиналады. Басты айыпталушы Рахат Әлиев болған бұл сот ісін Австрияда әдеттен тыс процесс деп атайды.
19 жыл бұрын Алматыда электр қуаты мен жылу тарифтерінің қымбаттауына қарсы бірнеше мың адам қатысқан наразылық акциясын ұйымдастырған белсенді cол кезде азаматтық белсенділіктің «екпіні күшті» болғанын айтады.
Оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырушы деп танылған парламент сенаты аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевқа еркіндік берілді.
Мұхтар Жәкішевті Қарағанды облысындағы Долинка түрмесінен Алматы облысы Заречный кентіндегі абақтыға қайта апарды. Бір ай бұрын болған бұл оқиғаны бүгінге дейін ешкім жұртқа жарияламаған.
Тағы