Accessibility links

Алматы әкімдігі феминистерге 8 наурызда митинг өткізуге тағы рұқсат бермеді


8 наурыз күнгі әйелдер шеруі. Алматы, 2021 жыл.
8 наурыз күнгі әйелдер шеруі. Алматы, 2021 жыл.

Алматы әкімдігі 8marchkz белсенділеріне 8 наурызда әйелдер митингін өткізуге рұқсат бермеді.

Бұл туралы митингіні ұйымдастырушылар Instagram-парақшасында хабарлады. Олар 13 қаңтарда Алматы қаласы әкімдігіне 8 наурызда митинг өткізу туралы хабарлама мен шеру өткізуге өтініш жіберген.

15 қаңтарда әкімдіктен митинг өткізуге рұқсат бермейтіні туралы жауап түскен. Хатта митингтің тақырыбына байланысты "қоғамдық тәртіптің бұзылуы қаупі бар" деп жазылған. Шеру туралы әзірге жауап келмеген.

"Власть" басылымына берген жауабында әкімдік өкілдері бұған дейінгі акциялар кезінде "қатысушылар тақырыптан ауытқығанын", тұрғындардан "феминистердің акциясын өткізбеу туралы шағымдар түскенін" айтқан.

Ұйымдастырушылар әкімдік шешіміне шағымданбақ.

Әкімдік былтыр да феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеген. Есесіне 7 наурызда "ресми іс-шараға ұқсас" "Әйелдердің лайықты өмірі үшін" атты митингі өтті. Белсенділер билік біріне шеру өткізуге рұқсат беріп, келесі біріне тыйым салу арқылы "ойын шартын әкімдік белгілейді" дегенді білдіргісі келген шығар деген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG