Ақтөбеде 4 маусым күні үйінен шығып кеткен аутист бала төрт күннен соң Елек өзенінен өлі табылды. Бұл оқиға аутизм диагнозы қойылған жандардың басындағы жағдайға қоғам назарын аударды. Ресми мәлімет бойынша, елде 12 мыңнан астам аутист бала өмір сүріп жатыр.
Батыс Қазақстан облысындағы жалғыз кәсіби футбол клубы "Ақжайық" 2024 жылы мемлекеттік бюджеттен ақша алмады. Футболшылар басқарушы компания есебінен ойнап жүр. Билік клубқа бөлінуге тиіс 400 миллион теңге (900 мың долларға жуық) су тасқыны шығындарын жабуға жұмсалды дейді.
"Бишімбаев ісі" Қазақстан қоғамында әлімжеттіктен жапа шегетін әйел мәселесін қызу талқылауға түрткі болды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға жауапкершілікті күшейтетін заң да қабылданды. Алайда серігінің әңгіртаяғына төзіп, іштен тынып жүрген, кейбірі өз құқын қалай қорғауды да білмейтін әйел әлі де көп дейді мамандар. Кейде жағдай әбден ушығып, ауыр салдарға апарып соққанда ғана өзгелер назар аударады.
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары құқық қорғау органдарынан қысым көріп жатқанын айтады. Олар алтын өндіретін фабрика құрылысын тоқтатуды талап еткеннен кейін полиция ауылдағы белсенділерді жауапқа алған, кейбірін қамаған, біреуінің үйін тінткен. Азаттық сөйлескен адамдар осы оқиғадан кейін "ауылды үрей биледі" дейді.
Жақында Маңғыстау облысында бүкіл күштік құрылымдардың басшылары мен облыс әкімі аяқ астынан қызметтен алынды. Елдегі наразылық ошағына айналған өңірдегі кадр жаңарту немен байланысты болуы мүмкін?
Қазынадан жарты миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, күрделі жөндеуден өткен Оралдағы "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінің жағдайына тұрғындарының – балалар үйі түлектерінің көңілі толмайды. Бірнеше ай бойы уақытша баспана жағалап, үйіне оралған олар енді ыңғайсыз бөлмелерде тұруға мәжбүр.
Семейде көшені жарықтандыру мәселесі төңірегінде тағы да дау шықты. Жергілікті қоғам белсенділері "орнатылған шамның көбі адам өміріне қауіпті" десе, әкімдіктегілер "ақаудың бәрін түзеттік, қорқатын дәнеңе жоқ" деп отыр.
Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үкіметтен құлаған үйдің әр шаршы метрін 400 мың теңгеден бағалап, өтемақы төлеуді сұрайды. Билік өкілдері үйдің шаршы метрін 200-240 мың теңгеден бағалап өтемақы есептеуге дайын екенін айтады. Тұрғындар арасында бұған көнбейтіндер де, келісетіндер де бар.
14 мамырға қараған түні Атырау облысындағы Жайық өзені деңгейі қауіпті межеден асты. Облыс орталығы мен Махамбет және Индер аудандарын су басу қаупі бар. Өзен сағасындағы елді мекендерге де қатер төніп тұр.
Ақтөбеде Даун синдромы диагнозы қойылған 200-ден аса бала мен жас адам бар. Бірақ қалада осы балаларды оңалтуға арналған мемлекеттік мекеме жоқ, сондықтан ата-ана баласын ақылы оңалту орталыққа апаруға мәжбүр. Алайда шіркеудің бір бұрышында ашылған жеке орталықта логопед, дефектолог маман тапшы. Азаттық сөйлескен ата-аналар Даун синдромы диагнозы қойылған балаларының қоғамға бейімделуі қиын екенін айтады.
Түркістан облысындағы Зағамбар ауылын екі күннен бері полиция арнайы жасағы күзетіп тұр. "Оқушы қызды зорлаған" деген хабар тараған соң ауылда бірнеше көлік пен қора өртенген. Облыстық полиция "кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі" бойынша іс қозғалып, мектеп оқушысы қамауға алынғанын мәлімдеді. Азаттық тілшісі Зағамбарға барып, ауыл адамдарымен сөйлесті.
Тағы