Алматыда режиссер Әділхан Ержановтың «Қожайындар» фильмінің көрсетілімі болды. Фильмді құқық қорғаушылар да тамашалап, оны «тура Қазақстанның көшірмесіне» деп сипаттады.
Әйгілі қазақстандық скрипкашы Марат Бисенғалиев қазір Францияда тұрады. Азаттыққа берген сұхбатында ол өнер жайлы ойларын, Украинадағы соғысқа қатысты көзқарасын айтты.
Танымал опера әншісі Анна Нетребко Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдаймын деп дауға қалды. Әлеуметтік желідегі жұртты оның сепаратистер лидерімен түскен суреті ашуландырды.
Алматы тарихы туралы жаңа сайт ашылды. Сайт жүйеленген ауқымды деректерді берумен қатар қала тарихына деген шенеуніктер көзқарасын да көрсетеді.
Бүгін кинорежиссер Рүстем Әбдірашовтің Қазақстан президенті туралы түсірген «Тығырықтан жол тапқан» атты фильмі Алматы кинотеатрларында көрсетіле бастады.
Еуропада оқитын қазақстандық жас суретші Ғайша Маданова Алматы мен Астана жастарын қазіргі заман өнерін үйретеді. Ол арт-журнал шығаруды жоспарлайды.
Домбырада күй тарту мен киіз үй жасау өнері – ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне Қазақстанның атынан енген алғашқы өнер туындылары.
Астананың қазіргі әкімі Әділбек Жақсыбековтің сценарийі бойынша «Қазақфильм» студиясы түсірген «Оберон қастандығы» кинокартинасы қазақстандық прокатқа шығады.
Сталин тұсында ішінде адам азаптап, тұтқындар қаза тапқан патша түрмесі қабырғалары Түркістанда сақталып қалған. Бірақ жекеменшікке өткен ғимаратты қожайын бұзғалы отыр. Өлкетанушылар биліктен жерді қайта сатып алуды сұрайды.
Алматыда өткен Орталық Азия кітап форумында Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь авторлары әдеби конкурс лауреаттары болды. Мәрзия Зәкіриянова мен Немат Келімбетов атындағы қосымша сыйлықтар да табысталды.
Алматы көшелерінде OCABF, яғни Орталық Азияның ашық кітап форумы мен әдеби фестивалінің жарнамасы пайда болды. Конкурс жеңімпазы кітабын Лондон баспасында тегін шығарады.
Чехия астанасы Прагада оқитын қазақстандық студенттер арасында дарындылар байқауы өтті.
Тағы