Алматыда өткен Орталық Азия кітап форумында Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь авторлары әдеби конкурс лауреаттары болды. Мәрзия Зәкіриянова мен Немат Келімбетов атындағы қосымша сыйлықтар да табысталды.
Алматы көшелерінде OCABF, яғни Орталық Азияның ашық кітап форумы мен әдеби фестивалінің жарнамасы пайда болды. Конкурс жеңімпазы кітабын Лондон баспасында тегін шығарады.
Чехия астанасы Прагада оқитын қазақстандық студенттер арасында дарындылар байқауы өтті.
Алматыда «Күн әлемі» деген совет заманынан таныс балалар әнімен аталған балалар көркемөнерпаз театрларының фестивалі өтіп жатыр. Балалардың көбі сахналау үшін Қызыл телпек туралы ертегіні таңдапты.
Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын қазақ актері Дәлелхан Қадыр өзі түскен «Құбылай хан» тарихи-көркем фильмін әлі көрмегенін айтады. Қазақстанда бұл фильм телеарнадан көрсетілді.
Алматыда поляк мәдениеті апталығы аясында Польша киноларын көрсетіп жатыр. Елдің көзі тірі аңыз адамы Лех Валенса туралы фильм бұрын-соңды оның есімін естімегендерге де ой салды.
Иран қазақтары авторын ұмытса да, Совет үкіметі орнаған соң Қазақстаннан ауған адамның «Елге сәлем» әнін әлі айтады. Ол елде қазақ әні үйлену тойында ғана шырқалады.
Қазақ киносында есімі аңызға айналған, «Қыз Жібек» тарихи фильмінде бас кейіпкерді сомдаған актриса Меруерт Өтекешева Азаттыққа берген сұхбатында саясат пен Қырым аннекциясы туралы пікірін айтты.
Алматыда студенттік фильмдер мен кино мектептердің «Бастау» халықаралық кинофестивалі төртінші рет өтіп жатыр. Онда 25 елден әкелген 190 туынды көрсетіледі.
Алматыда Иран кинофильмдерінің апталығы өтіп жатыр. Апталық кезінде ол елдегі цензурадан өткен бес фильм көрсетіледі.
Ресейдің Украинадағы саясатын жақтаған Иосиф Кобзон мен Валерия Ұлыбританиядағы тыйым салуға шақырған үндеулерге қарамастан, бүгін Лондонның ең үздік сахнасында ән шырқайды.
Стамбулда тұратын қазақстандық ісмер Әмина Федоренконың Muslima Wear сәнді мұсылман киім бренді ерекше дизайны мен қазақтың ою-өрнегі арқылы танымал бола бастады. Азаттық шебермен сұхбатын ұсынады.
Тағы