Алматыда поляк мәдениеті апталығы аясында Польша киноларын көрсетіп жатыр. Елдің көзі тірі аңыз адамы Лех Валенса туралы фильм бұрын-соңды оның есімін естімегендерге де ой салды.
Иран қазақтары авторын ұмытса да, Совет үкіметі орнаған соң Қазақстаннан ауған адамның «Елге сәлем» әнін әлі айтады. Ол елде қазақ әні үйлену тойында ғана шырқалады.
Қазақ киносында есімі аңызға айналған, «Қыз Жібек» тарихи фильмінде бас кейіпкерді сомдаған актриса Меруерт Өтекешева Азаттыққа берген сұхбатында саясат пен Қырым аннекциясы туралы пікірін айтты.
Алматыда студенттік фильмдер мен кино мектептердің «Бастау» халықаралық кинофестивалі төртінші рет өтіп жатыр. Онда 25 елден әкелген 190 туынды көрсетіледі.
Алматыда Иран кинофильмдерінің апталығы өтіп жатыр. Апталық кезінде ол елдегі цензурадан өткен бес фильм көрсетіледі.
Ресейдің Украинадағы саясатын жақтаған Иосиф Кобзон мен Валерия Ұлыбританиядағы тыйым салуға шақырған үндеулерге қарамастан, бүгін Лондонның ең үздік сахнасында ән шырқайды.
Стамбулда тұратын қазақстандық ісмер Әмина Федоренконың Muslima Wear сәнді мұсылман киім бренді ерекше дизайны мен қазақтың ою-өрнегі арқылы танымал бола бастады. Азаттық шебермен сұхбатын ұсынады.
Тағдыры қиын мүгедектер үшін қазіргі Қазақстанда өмір сүру тіпті ауыр. Жападан-жалғыз қалған кемтар жан не істей алады? «Быть или не быть?» фильмінің бас кейіпкері өміріне өзі қожа болар жігер тапты.
Астанада өткен шетел қазақтарының халықаралық өнер фестивалінде бас жүлде алған германиялық қазақ суретші Азаттыққа өз тағдыры мен шығармашылығы жайлы әңгімелеп берді.
Алматыда алғаш қойылған қырғыздың «Құрманжан датқа» фильмін көрермендер «тарих бұрмаланбаған, пафос аз» фильм ретінде бағалады.
Отызға жуық күйі Қытай қазақтарының ішінде кеңінен тараған күйшінің әлі бір де бір күйі нотаға түспеген. Насихатты ұнатпайтын өнер иесі мал бағып, тауда оңашалануды әдет қылған.
Гогольдің «Ревизор» комедиясының Алматы сахнасындағы сәл қысқартылған қойылымы туралы алғашқы пікірлер айтыла бастады. Кейбіреулер спектакльдегі көріністерді Қазақстандағы қазіргі өмірмен байланыстырады.
Тағы