Қарағанды метталургия комбинатының жаңа инвесторы қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев екені мәлім болды. Тегі үндістандық инвестор Лакшми Миттал 1995 жылдан бері иелік еткен ірі кәсіпорынды басқаруға келген Лаврентьев деген кім? Ақшаны қайдан тапқан? Кіммен байланысы бар?
2023 жылы Қазақстанда астық аз жиналды. Шаруалар бидайдың сапасы нашар, астықтың көбі жемге кетеді деп шағынып отыр. Ұн өндірушілер бидайды қазақстандық шаруалардан емес, Ресейден сатып алғанды жөн көреді. Мұның сыры неде?
Тегі үнді британ миллиардері Лакшми Митталдың компаниясы активтерін мемлекетке беріп, Қазақстаннан кетіп жатыр. Елде отыз жылға жуық жұмыс істеген компанияның кетуіне Қарағанды облысындағы көмір шахталары мен ірі металлургия комбинатындағы адам өліміне апарып соққан апаттар себеп болды.
Қазақстанда 14 арнайы экономикалық аймақ (АЭА) бар. Оларда тіркелген резидент-компаниялар көп салықтан босатылған әрі бұдан басқа да жеңілдіктерге ие. Азаттық осы артықшылықтарды пайдаланып жүрген 300-ден астам компанияны зерттеген кезде тізімнен елге танымал адамдар мен туыстары көптеп кездесті.
Пекин неліктен Қазақстанның энергетика саласында ғана емес, экономиканың алуан секторында белсендігін арттырды? Қазақстанның Қытайға қарызы өсті ме? Азаттық Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінің докторанты, Орталық Азияны зерттеуші Франк Мараккионемен сөйлесті.
Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының шахталарында кісі өліміне себеп болған төтенше оқиғалардан кейін үкімет компанияны ары қарай не күтіп тұрғанына қатысты бірнеше шулы мәлімдеме жасады. Сарапшылар үкіметтегілер асығыстық қылды, АМТ-ға қатысты нақты жоспар жоқ деген ойда.
Мамыр айынан бері бағамы тұрақты болып келген теңге кейінгі екі күннің ішінде 3 пайызға жуық құнсызданды. Сарапшылар теңге Ресей рублінің ізінше құнсызданды десе, Ұлттық банк валюта бағамын нарық реттейді дейді. Бірақ ешкім де теңгенің әлсіреуін отандық өндірушілерді қолдаумен байланыстырмайды.
Қазақстандықтардың табысы өсіп жатқанымен, оны қосанжарласа көтерілген баға "жалмап" жатыр. Елдегі инфляция ғаламдық көрсеткіштен жоғары. Тұрақты жұмысы бар адамдардың айтарлықтай бөлігінің жалақысы ең қажетті тауардан артылмайды. Неліктен?
Қазақстан елдегі ірі мұнай-газ кеніштерін игеруші North Caspian Operating Company N.V. мен Karachaganak Petroleum Operating BV операторларын халықаралық сотқа берді. Үкімет Қашаған мен Қарашығанақта мұнай өндіретін консорциумдардан не талап етіп отыр? Азаттық сарапшы Абзал Нарымбетовтен сұрап көрді.
Келесі айдан бастап Қазақстанда тауар қозғалысын шекарадан шекараға дейін онлайн режимде бақылап, Мәскеуге салынған санкциялардың бұзылмауын қадағалайтын жүйе іске қосылуы мүмкін. Бірақ бұл санкцияларды айналып өту тыйылады дегенді білдіре ме?
Тағы