Астанада Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің 5-отырысы өтіп, Еуразия экономика одағының (ЕАЭО) дамуы, жаһандық экономикалық өзгерістерге бейімделу, цифрландыру, жасанды интеллект және сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Қазақстан үкіметі 2029 жылға дейін елдің жалпы ішкі өнімін 450 миллиард долларға жеткізуді көздейді. Экономиканың қарқыны жоғары болғанымен, кейінгі жылда халықтың әл-ауқаты төмендеген. Қазақстан экономикасы ілгерілеп жатқанда тұрмыс неге жақсармай тұр? Жұрт неге азық-түлікке ақша үнемдеуге мәжбүр?
АҚШ президенті Дональд Трамп CBS арнасына берген сұхбатында "соғыс жақын арада аяқталуы мүмкін, бірақ дәл бұл аптада емес" деген. АҚШ пен Израиль Иранға әуе шабуылын бастап, Тегеран қарымта ретінде Таяу Шығыс елдеріне зымыран мен дрон атқылағаннан кейін күрт өскен мұнай бағасы сәл төмендеді.
Ирандағы соғыс Орталық Азия экономикасына соққы болып тиді. Әсіресе Ираннан келетін тауарларға, соның ішінде азық-түлік пен тұрмыс заттарына тәуелді Түркіменстанда мұның зардабы қатты сезіліп отыр.
Қазақстан экономикасы 300 млрд доллардан асты деп есеп берген үкімет енді үш жылда бұл көрсеткішті 450 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Алайда билік мақтан тұтқан макроэкономикалық көрсеткіштер адамдардың табысына әсер етпей, өмір сүру сапасын жақсартпай отыр дейді экономист Мақсат Халық.
Қарағандының Саран қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан QazTehna зауыты мемлекеттен бірқатар жеңілдік алады. Жылына 1500 көлік құрастыратын зауыт көлік бөлшектерін толық Қытайдан импорттайды. Сонымен бұл автобустар қазақстандық өнім деуге келе ме?
Қазақстанда кейінгі екі жылда 25 мыңдай шаруа қожалығы жабылған. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылдың басында елде 270 мың шаруа қожалығы болса, 2025 жылдың соңында бұл көрсеткіш 245 мың 800-ге дейін азайған.
Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясы Өзбекстандағы Жизақ облысында қуаты төмен атом электр станциясының құрылысына дайындық жұмыстарына кірісті. Өзбек билігі елдің энергетикалық болашағы үшін бұл жобаның маңызы зор деп отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Ол жапон императоры Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесті. Тоқаев енді "Орталық Азия – Жапония" форматындағы алғашқы мемлекет басшылары саммитіне қатысады. Тақырыпты сарапшы Асылзат Қарабаевамен талқыладық.
Тағы