Сарапшылар елдегі шағын және орта бизнестің 30 пайызы қайта аяққа тұрмай, біржола жабылуы мүмкін деп есептейді. Олар Қазақстандағы бизнес пандемияға дейін де дағдарыс жағдайында болғанын айтады.
Қытайдың алып экономикасы пандемияның ауыр зардабын артқа тастап, қайта бас көтергенде, Орталық Азияның әлжуаз елдері барған сайын күшейіп бара жатқан Пекинге экономикалық және саяси тұрғыдан кіріптар болып қалуы ықтимал.
Оңтүстік және Орталық Азия коронавируспен күрес шектеуін енді босаңсыта бастағанда жаңа қиындыққа тап болды. Аймақта соңғы 20 жылда болмаған алапат шегіртке шабуылы басталды.
Қазақстан билігі коронавирустың таралуын тоқтатуға тырысып жатқан тұста елдің экспортқа шығаратын негізгі шикізаты – мұнай күрт арзандап, жығылған үстіне жұдырық боп тиді. Шикізат өндіру саласында жаңадан екі проблема пайда болғанға ұқсайды.
Коронавирусқа тосқауыл қою мақсатында енгізілген жаппай карантин шаралары кесірінен дүниежүзінде жұмыссыздық күрт көбейді, әлем елдері бұл мәселені түрлі жолмен шешіп жатыр.
Төтенше жағдай кезінде жұмысы тоқтап қалғаны үшін биліктен көмек алуы тиіс 361 компанияның тізімі желіде жарияланып кетті. Үкіметтен көмек алғысы келетін кәсіпорын, фирма, холдингтер арасында Forbes журналының байлар тізіміне енген қазақстандықтардың да бизнесті бар.
Түркістан облысында диқандар биыл өсірген мыңдаған тонна капустаны коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде Ресейге шығара алмай, егістіктегі өнім шіріп, шығынға батқанына шағынады. Аймақ әкімдігі егіншілер проблемасын шешуге үкіметтен көмек сұрады.
Коронавирус кесірінен дүниежүзі томаға-тұйық жабылған соң АҚШ-тағы шикі мұнай бағасы сәуірдің 20-сы күні күрт құлдырап, әлем экономикасы бұрын-соңды болмаған ауыр жағдайға тап болды.
Еуропаның бірқатар елі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус пандемиясының шарықтау шегі әлі алда деген ескертуіне қарамастан, бұған дейін енгізген шектеулерді жеңілдете бастады. Ал Халықаралық валюта қоры әлем елдері, оның ішінде Қазақстан экономикасына арналған болжамын жариялады.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жылыжайға помидор, қияр, капуста еккен диқандар карантин салдарынан еңбегіміз зая кете бастады дейді. Бұрын осы уақытта жүздеген жүк көлігі көкөніс артып шығатын ауылдар жым-жырт.
Мұнай бағасының төмендеуі мен коронавирустің кесірінен туған дағдарыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр? Дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін бе? Теңге бағамы қалай болады? Осы және өзге десұрақтарды Азаттық Ekonomist.kz онлайн жобасының авторы, экономист Қасымхан Қаппаровқа қойып көрді.
Коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшкендер көбейді. Қашықтан жұмысты қолайсыз санайтындар да, болашақта қашықтан жұмыс істеуге көшу керек дейтіндер де бар.
Тағы