АҚШ-та Мексика шығанағы Америка шығанағы болып өзгертілді. Бұл жөнінде АҚШ ішкі істер министрлігінің сайтында жазылған.
"Президент Дональд Трамптың жарлығына сәйкес, Мексика шығанағы енді ресми түрде Америка шығанағы болып аталады, ал Солтүстік Американың ең биік шыңы - қайтадан Мак-Кинли тауының атымен аталатын болды" деді ведомство.
Мұндай өзгертулер АҚШ-тың мұрасын сақтап, "болашақ америкалықтардың қаһармандардың мұрасы мен елдің тарихи құндылықтарын құрметтеуіне жол ашады" еп жазылған ІІМ сайтында.
Онда шығанақтың "ұлт үшін маңызы зор" екені және "Америка саудасы, энергиясы мен теңіз өнеркәсібіндегі маңызды күретамыр" рөлін атқаратыны жазылған.
1897-1901 жылдары АҚШ президенті болған Уильям Мак-Кинли "тарифтер мен талантының арқасында елімізді байытты – ол өте талантты кәсіпкер еді" деді Трамп.
Аляска тауы 1917 жылы Мак-Кинлидің құрметіне аталған, ал 2015 жылы сондағы байырғы халықтың тіліне құрмет ретінде Денали деп өзгертілген еді.
Мексика шығанағының жаңа атауын халықаралық қауымдастықтың мойындай қоюы екіталай деп жазды Reuters.
АҚШ тәрізді шығанақпен шектесіп жатқан Мексика шығанақтың халықаралық атауы жүздеген жыл бойы теңіз саласында пайдаланылып келе жатыр деді.
Бұған дейін Мексика президенті Клаудия Шейнбаум әзіл-шыны аралас Солтүстік Американы 1607 жылғы карталардағыдай "мексикалық Америка" деп атайық деп айтқан еді.
Трамп осыған дейін Панама каналын қайтару керектігін және "экономика қауіпсіздігі үшін" Гренландия аралын сатып алғысы келетінін де айтқан.