Маңғыстау облысындағы Үстірт қорығы маңындағы Қансу газ кенішін барлау жұмыстары жүріп жатыр. Кей экологтар газ өндіру ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралары тізіміне ұсынылған өлкенің қайталанбас табиғатын бүлдіреді деп санайды. Биліктің пікірінше, Қансу кен орнын игеру аймақтың әлеуметтік дамуына септеседі.
Қазақстан билігі «банк жүйесін сауықтыруға» биылғы бюджеттен екі триллион теңге бөлмек. Бұл қазіргі айырбастау бағамы бойынша алты миллиард АҚШ долларына және республика бюджетіне түседі деп болжанған кірістің 40 пайызына тең. Мемлекет нақты қай банктерге және қандай шарттармен көмектесуді ұйғарғаны туралы сұрақтың тура жауабы жоқ.
Қазақстан мен Түркіменстан тәуелсіздігінің ширек ғасырында поезбен жолаушы тасымалдауды ретке келтірмеді, автомобиль тасымалы да қиын. Екі елдің саяси жүйесі ұқсайды, бірақ аймақ деңгейіндегі экономикалық байланыстары әлсіз сияқты.
Түркіменстан экономикасының нашарлағаны және оның халық тұрмысына тигізетін зардабы туралы Азаттықтың түркімен қызметі мен аймақтағы басқа да сайттар ақпарат тарата бастады.
Түркіменстанның Иранға табиғи газ бермей қойғанына жарты ай болды. Иран ұлттық газ компаниясы қаңтардың 1-і күні Түркіменстанның газбен қамтамасыз етуді тоқтатқанын айтқан.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер өнімдерін өткізуде қиналатын айтады. Жергілікті биліктің сөзінше, олар үлкен жобалардан тайсақтайды.
Алматыда «Қазинвестбанктің» 20 шақты салымшысы бастамашыл топқа бірікті. Олардың депозиттерінің көлемі банк банкрот болған жағдайда мемлекет қайтаруға кепілдік беретін сомадан асады. Салымшылар банкті лицензиядан айыру себептерін түсіндіруді сұрап, Ұлттық банкке жүгінді.
Қазақстан Қырғызстанның ет және сүт өнімдерін өз территориясы арқылы автомобиль көлігімен тасымалдауға тыйым салды. Ресми хаттаветеринарлық бақылаудан өтуі тиіс өнімдер 2017 жылғы қаңтардың 1-інен бастап теміржол көлігімен тасымалданады деп жазылған. Мамандар мұндай мәлімдеме ЕАЭО келісімдеріне қайшы деп санайды.
Қырғызстан президентінің Пекинге сапарында Орталық Азия арқылы Қытай мен Иранды жалғайтын жаңа теміржол желісін салу жайы назар аудартты. Көптен жауапсыз жатқан бұл мәселеде осы жолы Өзбекстан да жиі атала бастады.
Тәжікстанға ұша алмай қалған ресейлік әуе компаниясы сотқа жүгінбек. Екі ел арасында ұшу құқығынан айырылған тағы бірнеше компания бар.
ЕАЭО елдері басшылары бұл одақтың кеден кодексі туралы келісімді мақұлдады. Бұл кодексті «еркін тауар айналымы кепілі» деушілер де де, оған күмәнданушылар да бар.
Қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталов 1990 жылдардағы бизнес туралы, «түсінікпен өмір сүру» жайлы әңгімелейді.
Тағы