Қазақ ССР КГБ-сының (мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің) бұрынғы төрағасы Зақаш Камалиденов Азаттық радиосына сұхбат берді. Ол Жаңаөзендегі жағдайды Желтоқсан оқиғасымен салыстыра келіп, «1986 жылы халыққа қарсы бір оқ та атылмағанын» айтты.
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласына барып қайтқан тәуелсіз комиссия мүшесі, оппозицияшыл саясаткер Зәуреш Батталова ұсталған және қамалған адамдардың туысқандарымен тілдесе алмағандарын айтты.
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов Азат Еуропа/Азаттық Радиосының Вашингтондағы тілшісіне сұқбат беріп, Жаңаөзен оқиғасына қатысты ой-пікірлерін айтты. Ерлан Ыдырысов төтенше оқиға кезінде Қазақстан үкіметі әлем алдында бұрын-соңды болмаған деңгейде ашық, әрі әділ түрде әрекет етті деп санайды. Оның ойынша, мұндай ашықтықты тіпті «Қазақстанның жаулары да жоққа шығармайды».
Итон колледжінің профессоры, белгілі музыкант Элеонора Нақыпбекова Азаттық радиосына сұқбат беріп, 1981 жылғы қазан айында кенжелері Лондондағы гастрольден қайтпай қалған соң әпкелі-сіңілілі үшеудің қандай өзгерісті бастан кешкені туралы әңгімелеп берді.
Қазақстан премьер-министрі бұл туралы соңғы рет zakon.kz вебсайтында өткізген онлайн-конференция барысында да мәлімдеді. Бірақ онлайн-конференцияның нақты қай күні өтетінін әлі айтқан жоқ.
Бұдан 20 жыл бұрын ғарышқа тұңғыш қазақ – Тоқтар Әубәкіров ұшты. Азаттық радиосына берген сұқбатында ғарышкер одан кейін не себепті ғарышқа ұшпағанын, екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаевпен қарым-қатынасы туралы, оппозициядағы қызметі жайлы айтып берді.
Азаттық радиосы 1991 жылғы Беловежье келісімі авторларының бірі, Беларусь парламентінің бұрынғы басшысы Станислав Шушкевичпен сұхбаттасты. Ол Совет одағы құлап жатқан кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың іс-әрекеті қалай болғанын айтады.
Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кравчук Азаттық радиосына сұқбат берді. Ол ГКЧП бүлігі кезінде, Совет одағы құлаған тұста Нұрсұлтан Назарбаевтың іс-әрекеті қандай болғанын айтады.
Қазақ-британ техникалық университетінің грантына ие болған 11 жастағы Жансая Әбдімәлік Сингапурдағы шахмат академиясына оқуын жалғастыруға кетпек.
Тағы