Қазақстанда сайлау алдында коронавирусқа тест тапсыруға міндетті болған бақылаушылардан коронавирус анықталып жатыр. Олардың кейбірі мұны "биліктің бақылаушыларды саяси науқанға араластырмау амалы" деп есептейді.
10 қаңтарда Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке келгелі алғаш рет парламент сайлауы өтеді. Бірақ саяси науқан бұрынғыдай өтіп жатыр. Сайлау қарсаңында билік қарсылық атаулыны басып тастап отырғандықтан, оппозиция қатыспайтын бұл сайлаудың қалай аяқталатыны әдеттегідей күні бұрын белгілі.
Қазақстан экс-президентінің қызы Дариға Назарбаева парламентке не үшін бармақ? Неліктен осы сайлауға түсіп жатқандардың арасында не оппозициялық, не жаңа партия жоқ? Азаттық бұл туралы саясаттанушы Виктор Ковтуновскийден сұрады.
арламент сайлауының нәтижелері
10 қаңтардағы сайлау қарсаңында Азаттық ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан (ДИАҚБ) Қазақстандағы сайлауға дейін және одан кейін немен айналысатыны, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның қандай кеңестерін орындамай келе жатқаны туралы сұрап білді.
Заңға сәйкес, Қазақстанда сайлау туралы сауалнаманы ОСК рұқсат берген ұйымдар жүргізе алады. Азаматтық қоғам өкілдері мұны "шектеудің кезекті түрі" деп санайды. Ел ішінде үкіметке жақын зерттеу ұйымдары "билікке ыңғайлы" сауалнама жасап, "қоғамдық пікірді дайындап жатыр" деген пікір бар.
Қазақстанда биліктің ауысуын, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев құрған жүйенің өзгеруін қалайтын оппозицияның 10 қаңтардағы сайлауға құрған жоспары әртүрлі.
10 қаңтар сайлау күні жақындаған сайын биліктің тәуелсіз бақылаушыларға қоятын талабы көбейді.
Заңға кейінгі енгізілген өзгертулер 2021 жылғы сайлауға қалай әсер етеді? Бақылаушыларды не мазалайды? Коронавирус пандемиясы саяси шектеу қоюға ыңғайлы сылтау болып жүрмей ме? Азаттық кейбір белсенділерден және Орталық сайлау комиссиясынан осы жайлы сұрады.
Қазақстанда сайлау жақындағанда "заңсыз үгіт-насихат жүргізді" деп жауапқа тартылып жатқандар көбейді. Олардың дені - "Ақ жол" партиясын қолдауға шақырып жүргендер. Партия басшылары бұған алаңдаушылық білдіріп, ішкі істер министрлігіне сауал жолдаған.
5 қаңтарда екі белсенді сайлау учаскесіне барып, өздерін дауыс берушілер тізімінен шығарып тастау жөнінде өтініш тапсырды. Олар сайлауға тек партиялық тізіммен ғана қатысу Конституцияға қайшы деп есептейді.
Тағы