Қазақстандағы мемлекеттік және өзін тәуелсіз деп атайтын кей ақпарат құралдарының сайлауды қадағалаған шетелдік бақылаушылар туралы материалдарының дені мақтау мен мадақтауға, біржақты пікірге толы болды. Маңызды деген сыни пікірлер мүлде берілмеді, берілсе де мазмұны өзгертілді не қысқа қайырылды.
Сандж зерттеу орталығының зерттеуі бойынша, "Нұр Отанды" қолдау 71 пайыз емес 56 пайыз болған. "Ақ жол", "Адал", "Ауыл" партиялары 10 пайыздан жоғары дауыс алған. Ал ҚХП (бұрынғы коммунистер) жеті пайыздық межеге жетпей қалған.
Қазақстан ішкі істер министрлігінің 10 қаңтар күні ұсталған белсенділердің бәрі босатылғаны туралы мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Сайлау күні ұсталған кем дегенде он адам қамауға алынған. Құқық қорғаушылардың дерегінше, арнайы жасақ 10 қаңтарда 361 адамды әкеткен.
10 қаңтарда өткен парламент мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында жер-жерде тәуелсіз бақылаушыларға түрлі кедергі жасалғаны хабарланды. Сайлау күні бақылаушылардан коронавирус жоқтығы жайлы ПТР тест талап етілді, бақылаушылардың "аквариумға" отырғызды және рұқсатсыз фото-видео түсіруге тыйым салды.
Қазақстандағы сайлауды бақылаған қазақстандық және шетелдік сарапшылар "сайлау процесінің имитациясы" арқылы жағдай тұрақты деген сыңай танытудың зор қаупі барын айтады. Олар сайлау нәтижесі биліктің тактикалық жеңісін көрсеткенімен, стратегиялық ұтылысқа ұрындырады деп ескертеді.
Норвегиялық Хельсинкі комитеті мен Human Rights Watch халықаралық ұйымы 10 қаңтарда Алматыда полицияның сайлауға наразылық білдірген адамдарды алаңда он сағатқа жуық құрсап ұстауын "бейбіт демонстранттарға бағытталған репрессивті тактика" деп айыптады.
Парламент сайлауында бақылаушы болған бірнеше азамат дауыс санау процесіне қатыса алмады. Учаскелер жабылып, бюллетендер есептеле бастағанда кейбір қалада тәуелсіз бақылаушыларды алысқа тұрғызып қойып, қарсылық танытқанын шығарып жіберіп жатты. Учаскеде кешкісін пайда болған белгісіз адамдардан кей
Қазақстанда 10 қаңтар, парламент сайлауы күні билікті сынап жүрген белсендінің көбі дауыс бере алмады. Кейбірін полиция үйінен, кейбірін митинг өтетін маңнан алып кетті. Құқық қорғау ұйымының есебінше, елде 10 қаңтар күні кемі 200-ден астам адам ұсталған.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин парламент пен мәслихат сайлауы елдегі авторитарлық жүйенің тізгіні әлі күнге экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолында екенін тағы бір рет дәлелдеді деп санайды. Бұл туралы ол "Настоящее время" телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Тағы