Беларусь тергеу комитетінің дерегінше, 2020 жылы жаз-күз айларында 5 мыңға жуық азамат наразылықты күшпен басу кезінде күш құрылымдары тарапынан азаптауға ұшырағанын айтып, шағым түсірген.
14 желтоқсанда Беларусьтің Гомель қаласындағы тергеу изоляторында "Тихоновский ісі" бойынша айыпталған алты адамға сот үкімі шықты.
1996 жылы режиссер Юрий Хащеватский Александр Лукашенко туралы "Обыкновенный президент" деректі фильмін шығарған. Осы фильмде Лукашенкомен қызметтес болғандар оның президенттікке келгенде қандай болғанын айтады.
Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия мен Африкадан щыққан мыңдаған босқын Беларусь арқылы Польша, Латвия, Литваға заңсыз өтуге талпынды. Олардың дені Минскіге ұшақпен жеткен. Еуроодақ пен Беларусь шекарасындағы жағдай ушығып жатыр. Ары қарай не болады? Азаттық бірнеше маңызды сұраққа жауап іздеп көрді.
Польша 9 қарашадан бастап Беларусьпен шекарасын жабатынын мәлімдеді. Дүйсенбі, 8 қарашада Польша шекарашылары Беларусь жақтан келген мыңдаған босқынды Еуропа аумағына өткізбей, жолын бөгегенін мәлімдеді. Варшава шекарадағы мигранттар мәселесі ұшыққанын айтып, дабыл қағып жатыр.
Беларусь полициясы жаңа қаулы бойынша экстремистік деп танылған Telegram-арналарға жазылуға тыйым салынғанын ескертті. Ал заңгерлер құжатта ондай ештеңе айтылмаған дейді. Полиция мәлімдемесінен кейін мыңдаған адам әліптің артын бақпай-ақ экстремистік деп танылған тәуелсіз арналардан кетіп жатыр.
Беларусь пен Ресей бастаған "Запад-2021" әскери жаттығуына түрі қару-жарақ, әскери техникамен бірге 200 мыңнан астам сарбаз қатысады. Батыс санкция салған Александр Лукашенко Кремльге қазіргідей тәуелді болған емес. Ал сарапшылар тығыз әскери байланыстың өтемі ауыр болуы мүмкін дейді.
20 жыл бұрын Беларусь пен Ресей одақ мемлекет құру жөнінде келісімшарт жасасқан еді. Бұл шартта ортақ валюта, ортақ сот және ортақ кеден құру мәселесі айтылған. Беларусьтің Ресейдегі елшісі осы құжаттың қосымшасы саналатын «жол картасына» қол қоюға аз қалғанын айтады. Лукашенко бұл одаққа көне ме?
Былтыр 9 тамызда Беларусьте өткен сайлауда авторитар президент Александр Лукашенконың жеңіске жеткені хабарланып, жаппай дауыс ұрланғанын алға тартқан миллиондаған адам наразылық акцияларына шықты. Азаттық радиосы елде содан бері не өзгергенін зерттеп көрді.
Беларусьтегі наразылық пен қуғын-сүргін постсоветтік автократияларға, соның ішінде Орталық Азия елдеріне қалай әсер етті? Содан бері Ресейдің аймақтағы ықпалы артты ма? Қазақстанға көпвекторлы саясат ұстану неліктен қиындап барады? Азаттық Орталық Азия сарапшысы Темір Омаровтан сұрады.
"Витязь" гандбол клубының жаттықтырушысы Константин Яковлев Беларусьтен көшіп кетті. Ол бейбіт наразылық шерулеріне қатысып, былтыр тамызда болған президент сайлауынан кейінгі оқиғалар жайлы пікір білдірген. Маусымда Яковлев рұқсат етілмеген көпшілік шараға қатысты деген айыппен 15 күнге қамалған.
Беларусь билігі даулы президент сайлауынан кейін болған наразылықтарды басып-жаншыған соң, жүздеген мың адам елден кетуге мәжбүр болған. Олардың көбі Украинаға қашты. Шекара қызметінің дерегінше, 2020 жылдың тамызынан бері Украинаға 150 мыңнан астам беларус барған.
Тағы