Америкалық саясаткерлер мен публицистердің Ресейге қарсы санкцияны күшейту жайлы ой-пікірлері.
Украинада Виктор Януковичтің билігі тұсында жоғары лауазымды қызметте болған бес адам бірінен соң бірі опат болды. Тергеушілер «олар өздеріне қол салған» дейді. Құпия ажалдың сыры неде?
Донецкідегі Засядько атындағы шахтадағы жарылыстан 14 кенші қаза тауып, ондаған адам жер астында қалып қойды деп хабарлады ресейшіл сепаратистер.
Қырымды қарулы «сыпайы адамдардың» басып алғанына бір жыл толуына орай Киевтегі Ресей елшілігі алдында наразылық акциясы өтті.
Ресейлік телеарнаға сұхбатында Владимир Путин Украинамен "соғыс болуы екіталай" деп мәлімдеді.
Иран Еуропаның газ нарығына кіргісі келеді, мұны Ресей экономикасына қауіп санайды.
Харьковте жексенбіде болған жарылыстан екі адам қаза тауып, бірнеше кісі жараланған.
Бір жыл бұрын Киевте шерушілер мен милиция күші арасындағы қақтығыс қантөгіске ұласып, үш күнде жүзден аса адам мерт болған еді.
Батыс Украина биылтыр Майдандағы негізгі күшті құраған еді. Бірақ елдің шығысында соғыс басталғалы бері бұл өңірде тұратындар «соғысқа барғысы келмейді» деген сынға қалды.
АҚШ сенаторы «Украина депутаты Украинаға кірген Ресей танкілері туралы жалған суреттер беріп, бізді адастырды» дейді. Бірақ Украина депутаты «суреттер жалған» дегенді мойындамайды.
Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырымды аннексиялауға қарсы мәскеулік студенттердің видео-үндеуі - украиналық және ресейлік жастардың YouTube сайтында жарияланған үшінші жолдауы.
Президент Петр Порошенко Украинаның шығысындағы үкімет күштеріне ақпанның 15-і сағат 00:00-ден атысты тоқтатуға бұйрық берді.
Тағы