Қырым аннексиясына қарсы пикет
Ақпанның 23-і күні Киевтегі Ресей елшілігі алдында наразылық пикетіне шыққандар Қырым аннексиясын айыптап, «Қырым – Украинаныкі!» деп ұрандады. Наразылар бұдан тура бір жыл бұрын айырым белгілері жоқ қарулы «сыпайы адамдар» Қырымның билік органдарын басып алып, көп ұзамай заңсыз «референдум» өткізгенін еске алды.