АҚШ әскерінің «Драгун жорығын» Балтық елдері және Польша тұрғындары жақсы қарсы алды. Ал АҚШ конвойы Чехиядан өткенде үлкен наразылық шеруі болады деген болжамдар жаңсақ болып шықты.
Украина президенті Петр Порошенко Днепропетровск облысының басшысы Игорь Коломойскийді қабылдау кезінде оның өтінішін орындап, қызметтен босатты.
Қара теңіздегі түбектің байырғы тұрғындары – Қырым татарларының түгелге жуығы 2014 жылғы аннексияға қарсы болды. Арада жыл өткенде олар салт-дәстүрі, құқығы мен қауіпсіздігі аяқасты болғанын айтады.
Ресей Қырымды күшпен аннексиялағанына бір жыл толып, Ресейде мұны атап өтіп жатыр. Ал түбек тұрғындары арасында Кремльдің әлімжеттігіне наразылар көп.
Манас - 1990 жылдары СССР-де әскери-саяси училищені бітірген әскери офицер. Ол Украинаның шығысындағы соғысқа үгіт-насихатқа сеніп барып, жарты жылдан соң елге қайтуды жөн көрген.
Ресей аннексиялап алған соң Қырым жұрты жан-жақты ақпараттан ажырап қалған дейді жергілікті журналистер.
БҰҰ-ның әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 59-сессиясына қатысып жатқан белсенді әйелдер түрмедегі Украина ұшқышы Надежда Савченконы қолдаған хаттар жолдады.
Америкалық саясаткерлер мен публицистердің Ресейге қарсы санкцияны күшейту жайлы ой-пікірлері.
Украинада Виктор Януковичтің билігі тұсында жоғары лауазымды қызметте болған бес адам бірінен соң бірі опат болды. Тергеушілер «олар өздеріне қол салған» дейді. Құпия ажалдың сыры неде?
Донецкідегі Засядько атындағы шахтадағы жарылыстан 14 кенші қаза тауып, ондаған адам жер астында қалып қойды деп хабарлады ресейшіл сепаратистер.
Қырымды қарулы «сыпайы адамдардың» басып алғанына бір жыл толуына орай Киевтегі Ресей елшілігі алдында наразылық акциясы өтті.
Ресейлік телеарнаға сұхбатында Владимир Путин Украинамен "соғыс болуы екіталай" деп мәлімдеді.
Тағы