Украина шығысында атысты тоқтату туралы бітім жасалған еді. Алайда Донецк әуежайына таласқан үкімет әскері мен сепаратистер әлі соғысып жатыр. Бітім шарттары неге орындалмайды?
Украиналық журналист Егор Воробьёв 38 күн бойы ресейшіл сепаратистердің тұтқыны болды.
Ресейдің бұрынғы олигархы Михаил Ходорковский «елдегі жағдайға саяси жолмен ықпал ету мақсатында» «Ашық Ресей» жобасын қайта қолға алды. Ол Voice of America радиосына сұхбат берді.
Осы апта Алматы әкімдігі «бес жыл ішінде атақты апорт алмасы өндірісін қайта жандандыруға 690 миллион теңге бөлінетінін» хабарлады. Әзірге Қазақстан алманың көбін сырттан сатып алып отыр.
Ісі сотта қаралып жатқан «Беркуттің» бұрынғы командирі Дмитрий Садовник Ресейде жасырынып жүр деген жорамал бар.
Лениннің Украинадағы ең үлкен ескерткіші тұрған тұғырдың үстіне крест қойылды, ал мүсіннің сынықтары аукционға шығарылды.
Қырымда адамдардың жоғалып кетуі жалғасып жатыр. Бұл жолы Симферопольде жас жігіт хабарсыз кетті.
Қырым оккупациясы кезінде Қырым татарларының 18 азаматы жоғалып кетті. Біреуінің, Решат Аметовтың ғана мәйіті табылды. Мүрдеден оны азаптап өлтіргендері белгілі болды.
Ресей оқушылары енді АҚШ қаржыландыратын оқу бағдарламасына қатыса алмайды. Олар Ресейдің FLEX бағдарламасын жапқанына наразы.
Ресей Қазақстанмен шекаралас Алтай аймағында стратегиялық зымыран күштерінің ауқымды командалық-штабтық жаттығуын өткізіп жатыр. Әскери сарапшы оның себептері жайлы болжамын айтты.
Сепаратистер бақылауындағы Макеевка қаласындағы мектепте биыл алғашқы қоңырау рәсімі 1 қазанда өтті.
Ресей тергеу комитеті Украина билігі мен армиясын Донбасс тұрғындарына геноцид жасады деп айыптады. Ал Украина бас прокуратурасы Ресей тергеу комитетінің бірнеше өкіліне қарсы қылмыстық іс қозғады.
Тағы