Accessibility links

Джей Ди Вэнс: Еуропаға қауіп өз ішінен келеді


АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөйлеп тұр. Германия, 14 ақпан, 2025 жыл.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөйлеп тұр. Германия, 14 ақпан, 2025 жыл.

Еуропаға басты қауіп Ресей мен Қытайдан емес, өз ішінен төніп отыр. Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөйлеген АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс осылай деп мәлімдеді.

Вэнс жаппай миграцияны ең басты мәселелердің бірі ретінде атап, бұған саяси шешімдер себеп болғанын айтты. "Мюнхенде кеше болған сұмдық теракті де осы шешімдердің салдары", – деді Вэнс, 13 ақпанда Мюнхенде бір топ адамды көлікпен қағып өткен ауғанстандық мигрантты меңзеп.

Еуропаның проблемалары туралы сөзінде АҚШ вице-президенті Румынияда өткен сайлау нәтижесінің жойылғанын да еске салып, Германияда да дәл сондай қауіп барын айтты. Вэнс бұған қоса медианы жабу, сайлауды шектеу және саяси процестерден адамдарды шеттету – демократияны жоюдың төте жолы деді.

Еуропаның ішкі ісіне араласып отыр деп Илон Маскті сөккен еуропалық саясаткерлердің сөзіне Вэнс: "Америка демократиясы 10 жылдан бері Грета Тунбергтің айтқанына төтеп беріп келеді, ендеше сіздер де Илон Маскке бірнеше ай төзесіздер. Демократия барша адамның үні естілуі керек деген принципке негізделеді", – деп жауап қатты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG