Батыс баспасөзі бұл аптада қазақстандық спортшы Денис Теннің қазасы, Сайрагүл Сауытбай мен Шыңжаңдағы этникалық қазақтардың жағдайы және АҚШ-қа әкелетін уранға қатысты жаңа тергеу ісі туралы жазыпты.
Қазақстанға Қытайдан келіп оқып жүрген этникалық қазақ студенттер жазғы каникулда Шыңжаңдағы ата-анамызға барсақ кері қайта алмай қаламыз ба деп қорқатындарын айтады. Білім және ғылым министрлігі каникулға кеткен 88 студенттің Қытайдан қайта алмай қалғанын хабарлаған.
Қытайдың Шыңжаң қазақтарын саяси тәрбиелеу орталықтарына қамау науқаны мен осы аймақтан Қазақстанға көшкен этникалық қазақтардың зейнетақы мәселесі соңғы айларда әлеуметтік желілерде жиі талқыланып жатыр. Азаттық Астанадағы Назарбаев университетінің саясаттанушысы, Қытайдың саясатын зерттеп жүрген профессор Нил Коллинспен синофобияның себебі және Шыңжаңдағы мәселені шешу жолдары туралы сұхбаттасты.
Батыс баспасөзінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Циндаодағы саммиті қарсаңында Орталық Азиядағы Қытай ықпалы туралы бірнеше мақала шықты. Оларда Пекиннің өз перифериясы ретінде қарастыратын елдердің элитасына қолданатын "қамшы мен арбау" саясаты туралы да жазған.
Мамырдың 15-і күні Еуропарламентте Қытайдағы этникалық қазақтардың қысым көріп жатқаны туралы мәселе талқыланды. Азаттық жиынға қатысқан Еуропада тұратын этникалық қазақ Өмірхан Алтынмен сұхбаттасты.
Қазақстандық тағы үш азамат Қытайдың "саяси тәрбие орталығы" деп аталатын уақытша ұстау орындарында "еріктерінен тыс қамалғандарын" айтып, басынан кешкендерін баяндады.
Батыс баспасөзі осы аптада Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын әрі ішінде бірнеше қазақстандық бар "мұсылмандардың санасын тазартуға арналған лагерьлер" туралы мақалалар жариялады.
Батыс баспасөзі Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" жобасының Астана үшін ықтимал қатерлері, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының жаңа қарыздары және Қазақстанның мигранттар қабылдайтын елге айналғаны туралы жазған.
Қытайдың Шыңжаң өлкесінде ұсталып, "саяси тәрбие орталығында" үш ай қамауда болған, қазір Қазақстан азаматтығын алған Қайрат Самарқан Азаттыққа қандай қиындықты бастан өткергенін, қайтіп босап шыққанын баяндады.
Қытай ондаған жылдар бойы мызғымай келе жатқан билік ауыспалылығы принципінен неге бас тартты? Ресейлік қытайтанушы маманмен сұхбатта осы туралы айтылады.
Пекинде Қытай коммунистік партиясының 19 шақырылымдағы орталық комитетінің үшінші пленумы ашылды. Ал жексенбі күні орталық комитет ҚХР конституциясына түзету енгізу ұсынысын ресми түрде жариялады. Комитет конституциядан «Коммунистік партия төрағасы мен оның орынбасары қызметін екі мерзімнен артық атқара алмайды» деген сөйлемді алып тастауды ұсынады.
Тағы