Ақтөбе өңіріндегі "КМК Мұнай" мен "АМК Мұнай" жұмысшылары ереуілді тоқтатқаны хабарланды. Өткен аптада олар жалақыны екі есе көбейтуді талап етіп, ереуіл жариялаған. Облыс әкімдігі компаниялар мен жұмысшылар мәмілеге келіп, Көкжиде мен Бәшенкөл кеніштерінде жұмыс қайта жалғасқанын айтады.
"Бюджет қаржысын жымқырды" деген айып тағылған бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның ісін бір жылдан астам уақыт бойы қараған сот оны ақтады. Бұрынғы шенеунік пен басқа айыпталушылар соттан өздерін толық ақтауды, ал прокурор оларға қатаң түрме жазасын беруді сұраған еді.
Ақтөбе облысында "КМК-Мұнай" компаниясы жұмысшылары жалақыны екі есе көбейтуді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, жұмысты тоқтатты. Кәсіпорын басшылығы еңбекақыны 20 пайызға көбейтуге әзір екенін айтты. Әзірге екі тарап келісімге келген жоқ.
Ақмола облысы Радовка ауылында азық-түлік дүкені жоқ, мобильді байланыс нашар істейді, тәулігіне бір сағат қана ауыз су беріледі. Ауыл халқы қазір қарама-қарсы екі жаққа бөлініп алған. Дауға Украинадан тарихи отанына оралған, билікке "ыңғайсыз сұрақтар" қоятын мейірбике Галина Федюшко себеп болған.
Қарағанды облысындағв бірнеше ауылдың адамдары жергілікті биліктің мыс өндірісіне бола олардың жер телімін мемлекет қажетіне деген уәжбен алып, өздерін тезірек көшіру үшін қысым көрсетіп жатқанын шағынады. Әкімдік оларға "лайықты баспана" ұсынғанын айтады, тұрғындардың оған көңілі толмайды.
Қазақстанда педофилдерге жаза қатаңдатып, қылмыс деңгейін азайту мақсатында қолға алынған шараларға қарамастан, бала зорлау көбеймесе, азайған жоқ. Осындай оқиғаның бірі жақында Оралда болған: өгей әкесі 13 жастағы қызын зорлаған.
Семейде жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жұмыс жағдайына және коронавирусқа қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне үстемақы төленбегеніне шағынады. Олар осы мәселені көтергені үшін қысым көріп жатқанын айтады.
Семейдегі цемент зауыты тұрған ауданның халқы кәсіпорыннан шыққан шаң-тозаң мен өткір иістен жапа шегіп отырғанына шағынады. Ресми мәліметте зауыттан ауаға тарайтын зиянды заттар шекті мөлшерден аспайды деп көрсетілген. Ал тұрғындар терезені ашса, үйінің ішін цемент шаң-тозаң басып қалатынын айтады.
Қарағанды облысының бірнеше ауылында тұратын үш мыңға жуық отбасының жерін "мемлекет қажетіне" алып жатыр. Ол жерде "Қазақмыс" корпорациясы мыс өндірмекші. Тұрғындар үй-жайына мемлекет "лайықты өтемақы" төлемей отырғанын айтады.
2019 жылы Түркістан облысы Арыс қаласында әскери оқ-дәрі қоймасы жарылып, ондағы снаряд мыңдаған үй мен ғимаратты бүлдірді. Төрт адам қаза тауып, қала тұрғындары үй-жайын тастап көшуге мәжбүр болды. Содан бері 1,5 жыл өтсе де, ондаған кәсіпкердің бүлінген мүлкі әлі жөнделмеген.
Ақмола мен Алматы облыстарында мұғалімдердің жалақысын кешіктіріп, бөліп төлейтіні жиі айтылып жүр. Бұған мұғалім жалақысының үш жерден – аудандық, облыстық және республикалық бюджеттен құралуы себеп дейді білім саласы шенеуніктері. Ұстаздар көптен бері осының зардабын тартып жүргеніне шағынады.
Сәтбаев қаласында биыл жазда елдің дүрлігуіне себеп болған жас баланы зорлау ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жетті. Айып тағылған екі кісі абақтыда отыр. Ал негізгі айыпталушы сотқа жетпей қайтыс болды. Бұдан бөлек "жаппай тәртіпсіздік" ісі бойынша ондаған адам күдікке ілінген.
Тағы