Өзбекстанның Наманған облысындағы бір ауылға балық өсіретін жасанды көлшік жасап, оған ауладағы үйректерді жіберген. Содан соң оны видеоға түсіріп, мемлекеттік телеарнадан үкіметтің үйдегі шаруашылықты дамыту бағдарламасының нәтижесі ретінде көрсеткен. Хабар шыққан соң балық та, үйрек те жоқ болды.
Ашғабатта жұмыс істейтін әйелдер үшін тағы бір ереже енгізілді. Бұл олардың киім таңдау еркіндігін одан әрі шектеп, Түркіменстандағы "эстетика" талаптарының тізімін кеңейтті.
Швейцария Өзбекстанға елдің бірінші президентінің қызы Гүлнара Каримовадан тәркіленген 182 миллион долларды қайтармақ. Бұған дейін Өзбекстан Франциядан Каримованың активтерінен 10 миллион доллар алған, бірақ ары қарай қайда кеткені белгісіз.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шекара келісіміне қол қойып, көп жылға ұласқан қанды дауға нүкте қойғандай. Шенеуніктер мұны "дипломатияның үстемдік құрғаны" деп бағалады.
Орталық Азия елдерінің бірде-бірінде жәрдемақы бала табуға ынтыландыра алмайды. Мұнда әйелдер "баланы өзіміз үшін табамыз" дейді, әйтсе де мемлекеттің көмегін қуана қабылдайды. Азаттық Азия аймақ елдерінде аналарға қандай көмек көрсетілетінін зерттеп көрді.
Қалыңдық қыз болмай шықты! Сотқа осындай арызбен жүгінген Тәжікстан азаматы қайын жұртынан тойға жұмсаған ақшаны түгел қайтаруды талап етті. Дәстүрлі тәжік қоғамында қыз үйленгенге дейін ешкіммен төсек қатынасына түспеуі керек, егер неке түнінде жас келін пәк болмай шықса, оны үйден қуып жібереді.
АҚШ-тың жаңа президенті көрші елдерге салық салып, Путинмен байланыс орнатты. Вашингтон саясаты Орталық Азияға қалай әсер етпек? Сарапшымен сұхбат.
Кейінгі жылдары ресейлік "Яндекс" компаниясы өзі қызмет ететін салада Орталық Азияның басым бөлігінде монополистке айналды. Оның тасымалдау және жеткізу қызметіне шынайы бәсекелес Қырғызстанда да, Қазақстанда да, Өзбекстанда да жоқ. Алайда компания тәжік нарығына ене алмады.
Орталық Азия аймағындағы ең халық саны көп Өзбекстан демографиялық қауіптің алдында тұр. Өткен сегіз жылда бірінші рет бала туу көрсеткішінің төмендеуімен қатар, 2024 жылы кейінгі он жылда бірінші рет некеге тұру азайып, өлім-жітім көрсеткіші өсіп, көші-қонның үлесі артқан.
Үш жыл бұрын Ресей Украинаға басып кірді де, артынша Қырғызстанда ресейліктерге қырғыз төлқұжатын алып беруге көмектесетін жаңа нарық пайда болды. Қырғызстан паспорты санкцияға немесе басқа да шектеуге ұрынған ресейліктерге тиімді, мысалы, шетелге шыға алады.
"Азаттық Азия" редакциясы мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен сегіз жылға сотталған тәжікстандық журналистің жақындарымен, әріптестерімен және достарымен сөйлесті.
Тағы