Алматы қаласының тұрғындары, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановтың ісі жөніндегі материалда кеудеден тиген оқ ішкі органдарға зақым келтіргені айтылған. Сот екі азаматтың өлімінен кейін үш жылдай уақыт өткенде, 2024 жылдың желтоқсан айында басталды.
Ақтөбе полициясының хабарлауынша, күдікті кепілге алған адамдарды босатуды бас тартқан соң, арнайы операция жүргізіліп, кепілге алынған әйел босатылған. Жертөледе сол әйелдің пышақтан жараланған ата-анасы табылған. Құтқарылғандардың екеуі кейін қайтыс болған.
Қазақстанда былтыр "ірі мөлшердегі есірткі тектес затты өткізу мақсатында алды, сақтады және тасыды" деген айыппен мыңнан аса адам сотталған. Олардың жартысынан көбі 16-29 жас аралығындағы жастар, көбі 10-15 жыл түрме жазасын алған.
Әлеуметтік желіде адам метапневмовирусы жайлы түрлі дерек тарап жатыр. Бірақ арасында шындыққа жанаспайтыны көп дейді дәрігерлер. Үкімет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеп, алаңдауға негіз жоғын айтты. Метапневмовирус деген не? Одан қауіп бар ма? Азаттық жауап іздеп көрді.
Қазақстанда президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары деген лауазым қайта пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қызметке Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны тағайындады. 8 қаңтарда Тоқаев Сатыбалдыны қабылдап, жойылған лауазымды неге қайта енгізгенін түсіндірді.
Қазақстанды қазір "Штрафстан" деп атап жүр. 4 желтоқсан күні "Ақ жол" партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Азат Перуашев шенеуніктер айыппұлды желеу етіп елді тонап отыр деп айыптап, "Штрафстан құрып жатыр" деп мәлімдеді. Азаттық мұның жай-жапсарын сараптап көрді.
2022 жылғы Қанды қаңтар оқиғасына үш жыл. Жақынынан айырылғандардың жан жарасы әлі жазылмаған. Кемі 238 адам қаза тапқан оқиғаны билік ұмытқысы келетіндей, арнайы еске алу іс-шарасын ұйымдастырмады. Алайда қазақстандықтар әлеуметтік желіде флешмоб өткізіп жатыр. Қаңтар шындығы ашылды ма?
Қаңтар оқиғасы 41 жастағы Қосай Маханбаевтың өмірін апай-топай етті. Алматыда наразылық өршіп тұрған сәтте оған оқ тиді, одан кейін қамауға алынып, абақтыда азаптауға ұшырады, ақырында ең жақын адамынан айырылды. Қаңтар оқиғасына қатысушы бір сәтте басына ауыр қасірет пен қайғы түскенін айтады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне сұхбат беріп, Талғардағы төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Полаттың ісі туралы пікір білдірді. Ол марқұм баланың отбасы қандастар екенін меңзеп, олар «заңсыз әрекеттерден аулақ болуы керек, бұрын өздері тұрған елде ондай әрекет жасаған жоқ қой» деп
26 жастағы Өскемен тұрғыны Ерқанат Жеңісұлы жеңіл көлігімен адам тасып, отбасын асырайды. Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп, бір көзінен айырылған жігіт “Қазақстан халқына” қорынан қайырымдылық көмек ала алмай жүр.
26 жастағы Өскемен тұрғыны Ерқанат Жеңісұлы жеңіл көлігімен адам тасып, отбасын асырайды. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде жараланып, бір көзінен айырылса да, "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан қайырымдылық көмек ала алмай жүр.
Тағы