Столичному корреспонденту интернет-издания Press.kz Жание Уранкаевой закрыли доступ в здание правительства. Повод — она поднялась на этаж, где проходят заседания Кабмина и куда журналистам вход теперь воспрещён. Уранкаева стала первой жертвой правил аккредитации СМИ, которые разработал Мининформ.
Қазақстанда биыл 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Бұл туралы дүйсенбі күні парламент мінберінен халыққа дәстүрлі жолдауын жариялаған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Бұған қоса ол жаңа салық кодексі, қаржы жүйесі, әкім сайлауы және тағы басқа мәселелерді айтты.
Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Мәлік Кенжәлиев зейнетке шыққан соң шалғай ауылға көшіп, асыл тұқымды мал өсіруге кіріскен. Бюрократиялық жүйенің кеселіне кезіккен шаруа үкіметтің ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары неге іске аспайтыны жайлы ой-пікірін Азаттыққа айтып берді.
Украина әскерінің Курскідегі операциясы жалғасып жатыр. АҚШ Орталық барлау қызметі «Киев әуелде Ресейдің жерлерін аннексиялап алмаймыз дегенімен, Украина әскері Курск облысында басып алған жерлерді біраз уақыт бақылауында ұстап тұратын сияқты» деп мәлімдеді.
Степногорск қаласындағы №4 мекемеде жазасын өтеп жатқан белгілі марафоншы, "Алға, Қазақстан" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ лидері Марат Жыланбаев екі айлық тәртіп изоляторынан шықты. Адвокаты оның түрмедегі хал-ахуалы туралы Азаттыққа айтып берді.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында екі мыңға жуық адам тұрады. Барқын құмының оңтүстік-батысындағы бұл жер малға жайлы қоныс саналады. Көктемдегі тасқын ауылдағы 236 үйді тұруға жарамсыз еткен. Одан бері бес ай өтті. Үйсіз қалған жұрт әлі күнге "киіз үй" мен шатырларда тұрып жатыр.
Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы жаңа есебін жариялады. Есептің толық атауы – "Саяси қуғын, экономикалық шектеу: терроризмді қаржыландыруға қатысы бар деген қазақстандықтар тізімі қалай қосымша адам құқығын бұзуға әкелді".
Алматыда сақталып қалған санаулы ағаш ғимаратты архитектор Андрей Зенков салдырғанын біреу білсе, біреу білмейді. Оның әкесін патшалық Ресейдің губернаторы жаңа құрылған Жетісу облысына шақырып, Зенковтар сол кездегі Верныйда тұрақтайды. Ол туралы пікір де әркелкі.
Әскерде жүргенде жұмбақ жағдайда басы жарылып, комаға түскен Ербаян Мұхтардың еміне халық 140 млн теңге жылу жинап берді. Сарбаз қазір Астана іргесіндегі Қосшы қаласында өз үйінде жатыр. Ұлының аяқтан тік тұрып кетуіне барын салып жүрген әке-шешесінің сөзінше, отбасына оралғалы Ербаянның жағдайы
Тағы