V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының үшінші күні Азаттық тілшісі Астанадағы «Алау» спорт кешеніне барып, асық ойыны мен өзбекше күрес бойынша жарысты тамашалап қайтты.
Украинада ресейлік әскер сапында соғыста жүрген 21 жастағы Қазақстан азаматы аяғына оқ тиіп жараланып, госпитальге түскен. Мұны Ақтөбедегі отбасына жігіттің өзі хабарлапты. Үй-іші Ресей билігі оны еркінен тыс мәжбүрлеп соғысқа жіберді деп санайды. Әкесі Қазақстан үкіметінен ұлын елге қайтаруға көмек сұрағанымен еш қайыр болмағанын айтып, баласының тағдырына алаңдап отыр.
Қазақстанның мемлекеттік ақпарат құралдары Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы операциясы туралы үнсіз қалды. Мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын БАҚ көптен бері Ресей – Украина соғысы жайлы жазбайды. Бұған не себеп және оған сыртқы фактордың әсері бар ма?
Столичному корреспонденту интернет-издания Press.kz Жание Уранкаевой закрыли доступ в здание правительства. Повод — она поднялась на этаж, где проходят заседания Кабмина и куда журналистам вход теперь воспрещён. Уранкаева стала первой жертвой правил аккредитации СМИ, которые разработал Мининформ.
Қазақстанда биыл 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Бұл туралы дүйсенбі күні парламент мінберінен халыққа дәстүрлі жолдауын жариялаған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Бұған қоса ол жаңа салық кодексі, қаржы жүйесі, әкім сайлауы және тағы басқа мәселелерді айтты.
Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Мәлік Кенжәлиев зейнетке шыққан соң шалғай ауылға көшіп, асыл тұқымды мал өсіруге кіріскен. Бюрократиялық жүйенің кеселіне кезіккен шаруа үкіметтің ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары неге іске аспайтыны жайлы ой-пікірін Азаттыққа айтып берді.
Украина әскерінің Курскідегі операциясы жалғасып жатыр. АҚШ Орталық барлау қызметі «Киев әуелде Ресейдің жерлерін аннексиялап алмаймыз дегенімен, Украина әскері Курск облысында басып алған жерлерді біраз уақыт бақылауында ұстап тұратын сияқты» деп мәлімдеді.
Степногорск қаласындағы №4 мекемеде жазасын өтеп жатқан белгілі марафоншы, "Алға, Қазақстан" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ лидері Марат Жыланбаев екі айлық тәртіп изоляторынан шықты. Адвокаты оның түрмедегі хал-ахуалы туралы Азаттыққа айтып берді.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал ауылында екі мыңға жуық адам тұрады. Барқын құмының оңтүстік-батысындағы бұл жер малға жайлы қоныс саналады. Көктемдегі тасқын ауылдағы 236 үйді тұруға жарамсыз еткен. Одан бері бес ай өтті. Үйсіз қалған жұрт әлі күнге "киіз үй" мен шатырларда тұрып жатыр.
Тағы