Құқық қорғаушылар "Жалған ақпаратты жариялау, тарату" деген әкімшілік бап биліктің қолайына жақпайтын журналистерді, блогерлер мен белсенділерді қудалауға пайдаланатын құралға айналғанын айтады. Әрі бұл баптар әркім әрқалай түсіндіре алатындай бұлыңғыр.
C4ADS ұйымы Азаттыққа берген Дубай қаласының жылжымайтын мүліктер реестрінде бір кездері Қазақстан парламентінің төрінде отырған депутаттардың аты-жөні көзге түседі. Тізімде бұл қызметті қазір де атқарып отырған азаматтардың туыстары да бар.
Астанада биік қабырғамен қоршалған Ақорданың сыртынан тағы бір қоршау салынып жатыр. Кей тұсына қақпа орнатылған. Ол қақпалар жабылса, жұрт әкімшілік орталыққа кіре алмай, Есілдің көрікті жағалауында серуендей алмай қалады. Бұл қоршау билікке не үшін керек болды?
Алматылық журналист Қойшыбек Мүбарак — Qazaq Times сайтының бас редакторы. Ол Қаңтар оқиғасынан кейін бірнеше қаланың арасында қатынап, соттардан хабар таратты. Журналист 92 мыңнан аса қолданушы жазылған Youtube-арнасына жариялап жүрген видеоларды өзі түсіреді.
"Желтоқсан" ұйымының тең төрағалары Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев 1990 жылы Азаттық радиосына берген кеңейтілген сұхбатының жалғасында елдегі әлеуметтік ахуалды, экономикалық қиындықтарды және ұлтаралық қатынас мәселелерін талқылаған.
Азаттықтың "Дубайдағы Қазақстан" деп аталатын зерттеуінің екінші бөлімінде сот, полиция, прокуратура және өзге де құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы қызметкерлері мен туыстарының шетелдегі жылжымайтын мүлкі жайлы айтамыз.
Қазақстан үлкен жауапкершілік жүктейтін АЭС сияқты ірі жоба бойынша шешім қабылдайтын кезеңге таяды. 6 қазанда референдум өтпек. Билік "ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалады" деп, атом станциясын салу-салмау бойынша халыққа таңдау құқығы берілгенін айтса, құқық қорғаушылар атом станциясы жөнінде халыққа тиісті ақпарат берілмей, азаматтардың экологиялық құқықтары шектеліп отырғандығын алға тартады.
Эколог әрі су ресурстары саласының маманы, EcoMind экожүйе шешімдері орталығының жетекшісі Арман Өтепов экожүйе тұрғысынан қарастырса, Сырдарияны ғана емес, онымен бірге Аралды да құтқаруға болатынына сенімді. Ол басқа да шаралармен бірге барлық гидротехникалық құрылғыны алып тастауды ұсынады.
Астанада Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аяқталды. Әлемнің сексен тоғыз елінен екі жарым мыңдай ойыншы келіп, көпшенді халықтардың ұлттық спорттарында бақ сынасты. Азаттық бір аптаға созылған шараны аралап, шетелден келген спортшылармен, көрерменмен тілдесті.
Тәуелсіздік қарсаңында "бейресми ұйымдар", "ресми емес құрама", "неформалдар" аталған қоғамдық ұйым өкілдері "желтоқсаншыл" Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев Азаттық радиосына берген сұхбатында елдегі сол кездегі алғашқы демократиялық қадамдар, оған қарсы қысымдар және саяси-әлеуметтік мәселелерді талқылаған. Оны реттеуде жаңадан президент болған Нұрсұлтан Назарбаевтың әрекеті қалай бағаланған? Белсенділер сол кездің өзінде оған неге сенбеді?
Тастүбек – Арал теңізінің жағалауында орналасқан шағын ғана балықшылар ауылы. Аралдың суы тартылғанда мұндағы тіршілік те тоқтап қалды деуге болады. Көкарал бөгетін салғаннан кейін теңіздің солтүстік бөлігіне су келіп, сумен бірге балықшылар да оралды. Қазір солтүстік Арал тағы да тартылып, су азайып барады, бірақ Тастүбектің тіршілігі атам заманнан бері өзгермеген: балықшылар күн сайын ау салады да, соған түскен азғантай олжасын жинап алады.
Тағы