"Желтоқсан" ұйымының тең төрағалары Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев 1990 жылы Азаттық радиосына берген кеңейтілген сұхбатының жалғасында елдегі әлеуметтік ахуалды, экономикалық қиындықтарды және ұлтаралық қатынас мәселелерін талқылаған.
Азаттықтың "Дубайдағы Қазақстан" деп аталатын зерттеуінің екінші бөлімінде сот, полиция, прокуратура және өзге де құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы қызметкерлері мен туыстарының шетелдегі жылжымайтын мүлкі жайлы айтамыз.
Қазақстан үлкен жауапкершілік жүктейтін АЭС сияқты ірі жоба бойынша шешім қабылдайтын кезеңге таяды. 6 қазанда референдум өтпек. Билік "ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалады" деп, атом станциясын салу-салмау бойынша халыққа таңдау құқығы берілгенін айтса, құқық қорғаушылар атом станциясы жөнінде халыққа тиісті ақпарат берілмей, азаматтардың экологиялық құқықтары шектеліп отырғандығын алға тартады.
Эколог әрі су ресурстары саласының маманы, EcoMind экожүйе шешімдері орталығының жетекшісі Арман Өтепов экожүйе тұрғысынан қарастырса, Сырдарияны ғана емес, онымен бірге Аралды да құтқаруға болатынына сенімді. Ол басқа да шаралармен бірге барлық гидротехникалық құрылғыны алып тастауды ұсынады.
Астанада Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аяқталды. Әлемнің сексен тоғыз елінен екі жарым мыңдай ойыншы келіп, көпшенді халықтардың ұлттық спорттарында бақ сынасты. Азаттық бір аптаға созылған шараны аралап, шетелден келген спортшылармен, көрерменмен тілдесті.
Тәуелсіздік қарсаңында "бейресми ұйымдар", "ресми емес құрама", "неформалдар" аталған қоғамдық ұйым өкілдері "желтоқсаншыл" Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев Азаттық радиосына берген сұхбатында елдегі сол кездегі алғашқы демократиялық қадамдар, оған қарсы қысымдар және саяси-әлеуметтік мәселелерді талқылаған. Оны реттеуде жаңадан президент болған Нұрсұлтан Назарбаевтың әрекеті қалай бағаланған? Белсенділер сол кездің өзінде оған неге сенбеді?
Тастүбек – Арал теңізінің жағалауында орналасқан шағын ғана балықшылар ауылы. Аралдың суы тартылғанда мұндағы тіршілік те тоқтап қалды деуге болады. Көкарал бөгетін салғаннан кейін теңіздің солтүстік бөлігіне су келіп, сумен бірге балықшылар да оралды. Қазір солтүстік Арал тағы да тартылып, су азайып барады, бірақ Тастүбектің тіршілігі атам заманнан бері өзгермеген: балықшылар күн сайын ау салады да, соған түскен азғантай олжасын жинап алады.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының үшінші күні Азаттық тілшісі Астанадағы «Алау» спорт кешеніне барып, асық ойыны мен өзбекше күрес бойынша жарысты тамашалап қайтты.
Украинада ресейлік әскер сапында соғыста жүрген 21 жастағы Қазақстан азаматы аяғына оқ тиіп жараланып, госпитальге түскен. Мұны Ақтөбедегі отбасына жігіттің өзі хабарлапты. Үй-іші Ресей билігі оны еркінен тыс мәжбүрлеп соғысқа жіберді деп санайды. Әкесі Қазақстан үкіметінен ұлын елге қайтаруға көмек сұрағанымен еш қайыр болмағанын айтып, баласының тағдырына алаңдап отыр.
Қазақстанның мемлекеттік ақпарат құралдары Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы операциясы туралы үнсіз қалды. Мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын БАҚ көптен бері Ресей – Украина соғысы жайлы жазбайды. Бұған не себеп және оған сыртқы фактордың әсері бар ма?
Тағы