Accessibility links

Компартия монополиясы, бейресми ұйымдарды тұсау және авторитаризмге апарған жол

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының шындығын анықтап, қоғамдық тексеру жүргізуді талап етіп, Қазақ ССР жоғарғы кеңесі алдында пикет өткізіп тұрған белсенділер. Алматы, 1990-жылдар. Журналист Марат Тоқашбаевтың жеке архивіндегі сурет.

Тәуелсіздік қарсаңында "бейресми ұйымдар", "ресми емес құрама", "неформалдар" аталған қоғамдық ұйым өкілдері "желтоқсаншыл" Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев Азаттық радиосына берген сұхбатында елдегі сол кездегі алғашқы демократиялық қадамдар, оған қарсы қысымдар және саяси-әлеуметтік мәселелерді талқылаған. Оны реттеуде жаңадан президент болған Нұрсұлтан Назарбаевтың әрекеті қалай бағаланған? Белсенділер сол кездің өзінде оған неге сенбеді?

Бүгін алғашқы эпизоды ұсынылған "Азаттық толқынында" аудиоподкасы – "Азаттық радиосына – 70 жыл" подкасының жалғасы. Тыңдарман, оқырман ұсыныс-тілектерін ескере келе, эфирден әр жылдары берілген, радио қорында сақталған маңызды хабарларға, айтулы оқиғалар жайлы баяндалады. Бірінші эпизодта Қазақстан тәуелсіздігіне бір жыл қалғандағы қоғам өмірі баяндалған сұхбатқа шолу жасалды.

Билік алғашқы қоғамдық ұйымдарды қалай қысымға алды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:31:15 0:00

СОВЕТТЕР БИЛЕГЕН ҚАЗАҚСТАН

1991 жылы қаңтар айында Азаттық радиосы эфирінен сол кезде Қазақстанда "ресми емес ұйымдар", "неформалдар" аталған бірнеше ұйымның басшыларынан, мүшелерінен тізбекті сұхбат берілді. Билік оларды "қоғамдық құрамалар" деп атаған-ды. Олардың арасында "Азат" азаматтық қозғалысы, "Алаш" ұлттық тәуелсіздік партиясының мүшелері, "Желтоқсан" ұлттық демократиялық партиясының жетекшілері және Мұсылман әйелдер одағының басшылары бар.

Азаттық эфиріндегі хабарларда ұйымдарға осындай сипаттама берілген. Осы құрылым сол кездегі алғашқы қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер болатын. Бастысы Тәуелсіздік қарсаңындағы демократия қарлығаштары еді.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына әділ баға беруді талап етіп, аштық жариялаған белсенділер. Алматы, 1990 жылғы мамыр.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына әділ баға беруді талап етіп, аштық жариялаған белсенділер. Алматы, 1990 жылғы мамыр.

1990 жылы Азаттықтың Алматыдағы алғашқы тілшісі Қиял Сабдалинге берген сұхбатында "Желтоқсан" партиясының тең төрағалары Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев елдегі демократия жайын, тіл мәселесін, саяси және әлеуметтік ахуалды, ұлтаралық қатынас мәселелерін талқылаған.

Диссидент Хасен Қожахмет сол кездегі Совет одағындағы қайта құру науқанының Қазақстанға әсері Балтық бойы елдеріндегідей күшті болмағанын айтқан. Ол елдегі демократияны жартыкеш деп сипаттаған.

Советтік Қазақстан диссиденті, композитор Хасен Қожахмет
Советтік Қазақстан диссиденті, композитор Хасен Қожахмет

– Жартылай демократияда халық билікке риза болып, қоғамда үлкен бетбұрыс болады деп айта алмаймыз. Мысалы, Желтоқсан оқиғасын алайық. Иә, 2-3 жылдан кейін сол кезде сотталған жастарымыздың жаза мерзімдері қысқартылып, босатылып шығып жатқандары бар. Желтоқсан оқиғасын тексеріп, зерттейтін комиссия құрылды. Бірақ сол комиссияны төрт айдан кейін жауып тастады. Одан кейін халықтың талабымен, "Желтоқсан" ұйымының талабымен комиссия қайтадан ашылды. Қазір комиссияның қорытындысы туралы Жоғарғы кеңес президиумының қаулысы шығып жатыр. Соның өзі, екі ай болды, іске аспай жатыр. Репрессияға кінәлі адамдар әлі қызметтерінде немесе тіпті одан жоғары орындарда отыр. Енді осындай аппарат орнында отырған кезде Қазақстанда демократиялық реформалар бола қояды деп айту өте қиын, – дейді Хасен Қожахмет.

Қазақ ССР Жоғарғы сотының 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын "ұйымдастырушылардың бірі" Аманжол Нәлібаевты 5 жылға соттау туралы үкімі. 12 ақпан 1987 жыл
Қазақ ССР Жоғарғы сотының 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын "ұйымдастырушылардың бірі" Аманжол Нәлібаевты 5 жылға соттау туралы үкімі. 12 ақпан 1987 жыл

"Желтоқсан" қоғамдық бірлестігінің тең төрағаларының бірі Аманжол Нәлібаев та сол кезде тәуелсіздік алып қойған, іргесін Ресейден аулақ салған Балтық бойы елдері мен Украинаға назар аудартуға тырысқан.

– Бұл елдерде болып жатқан нәрселердің Қазақстанда нышаны да жоқ. Қазақстан билігі демократия бар дейді де, істеген әрекетіне қарасаң, демократия жоқ дегенмен бірдей жайды көресің. Былтырғы 14 қарашадағы шара демократияға бұғау болып отырса, осы жылы 14 қарашада қабылданған қалалық кеңестің шешімі одан да асып түсті. Бір қызығы газеттерде жарияланған шешімді кейбір депутаттарға көрсетсек, мұндай әңгіме болған жоқ дегенге келтіріп отыр, – деп сын айтқан Аманжол Нәлібаев.

АЗАТТЫҚТЫҢ АНЫҚТАМАСЫ. 14 ҚАРАШАДАҒЫ ПӘТУА

Бұл жерде оның меңзеп отырғаны 1989 жылғы және 1990 жылғы қараша айындағы биліктің бейресми ұйымдарға қатысты шаралары болатын.

Жоғарғы кеңес төрағасы Серікболсын Әбділдин (оң жақта) мен вице-президент Ерік Асанбаев (сол жақта) президиуимда отыр. Мінберде – Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 1990-жылдардың басында түсірілген фото.

1989 жылғы 13 қарашада Қазақстан компартиясы орталық комитетінің 17-пленумы өтіп, сонда компартия хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков баяндама жасаған. 14 қарашада республика баспасөзінде жарияланған баяндама "Республика партия ұйымында идеологиялық жұмысты қайта құрудың барысы және оның тиімділігін арттыру жөніндегі міндеттер" деп аталған. Өзбекәлі Жәнібеков белсенділердің әрекетін "митингілік демократия" деп атап, "қоғамдық құрамалармен", "ресми емес құрамалармен" ынтымақтасып жұмыс істейтін жүйе қажет екенін айтқан. Сондайда ол биліктің "Невада-Семей" антиядролық қозғалысымен "тығыз қатынасын" үлгі ретінде ұсынды.

Ал 1990 жылғы 3 қарашада Алматы қалалық кеңесі қабылдап, 14 қарашада баспасөзде жарық көрген қаулы "Алматы қаласындағы қоғамдық тәртіпті тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар туралы" деп аталады.

Онда сол кездегі наразылық формалары: рұқсат етілмеген митинг өткізу, аштық жариялау, пикет өткізу, жерлер мен жатақханаларды басып алу жағдайды ушықтыратыны айтылған. Бұл мәселе сол кездегі Алматы қаласының әкімі Заманбек Нұрқаділовтің қалалық басылымға берген сұхбатында кеңірек түсіндірілген.

Оппозициялық партиялар Үкімет үйі алдында наразылық акциясын өткізіп жатыр. Алматы, 1992 жыл.
Оппозициялық партиялар Үкімет үйі алдында наразылық акциясын өткізіп жатыр. Алматы, 1992 жыл.

Билік сонда біршама ресми емес ұйымдар қатарында "Желтоқсан" бірлестігінің де атын атап, заңсыз әрекетке барып отыр деп айыптаған. Осы қаулы арқылы қаланың орталық алаңдарында митинг, басқа да қарсылық акцияларын өткізуге тыйым салған. Азаттық спикерлері осыны меңзеп отыр.

"СІЗ – БІРІНШІ ХАТШЫСЫЗ, ӘРІ ПРЕЗИДЕНТСІЗ. БҰЛ ҚАЛАЙ?"

1990 жылы Азаттық радиосына берген сұхбатында "Желтоқсан" қоғамдық бірлестігінің басшылары Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаев Қазақ ССР компартия басшылығын қоғамдық ұйымдармен басқаша жұмыс істей алмай отыр деп сынаған.

– Үкіметке оны консервативтік, диктаторлық қаулылармен емес, басқаша шешу жолын іздестіру керек еді. Компартияның бүкіл монополияны басқарып отыруының өзі демократияға сай келмейді, – деген Аманжол Нәлібаев.

Бұл жердегі әңгіме сол кездегі компартияның басқа партияларға жол бермей отырғанына ойысады. Бұл сонда алғаш рет президент болып сайланған Нұрсұлтан Назарбаевтың көппартиялылық туралы айтып жүрген кезі болатын.

Осы сұхбатта "Желтоқстан" қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы Аманжол Нәлібаев ресми емес ұйымдар басшыларының 1990 жылы президент Назарбаевпен кездескенін баяндаған. Ол кездесуде осы қоғамдық бірлестіктің тең төрағасы Хасен Қожахмет болмаған.

– Назарбаевпен кездескенде осы сұрақтарды қойғанбыз. "Көппартиялы мемлекетпіз дейсіз, демократия дейсіз де, Қазақстанда мемлекеттік күш тек бір-ақ партияның қолында болады. Сіз – компартияның бірінші хатшысыз әрі президентсіз. Бұл қалай?" дегенде ол кісі былай жауап берді: "Сіздер қалай ойлайсыздар, мен ойнап отырғаннан немесе бастыққұмарлықтан айлық алып отыр дейсіздер ме? Қазір партияның құрамында коммунистердің коммунистері бар, оларды тежемесе болмайды". Сондағы ойы ашық айтпаса да монополияға құмар коммунистермен күресу үшін билікте отырмын дегенге саяды, – деген Аманжол Нәлібаев.

Хасен Қожахмет болса, Назарбаевтың бұл айтқаны шын екеніне күмәні барын айтқан.

АЗАТТЫҚТЫҢ АНЫҚТАМАСЫ. ПРЕЗИДЕНТ БОЛУДЫҢ ПӘРМЕНІ

Нұрсұлтан Назарбаев 1989 жылғы 22 маусым күні Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан кейін жыл өтпей жатып Жоғары Кеңес төрағасы қызметін қоса атқарған. 1990 жылғы 24 сәуір күні Қазақ ССР Жоғары Кеңесі "Қазақ ССР президенті қызметін тағайындау және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылдады. Сол күні Жоғары Кеңес жаңадан тағайындалған ең биік лауазымды қызметке 49 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаған еді. Оның бүкіл билікті өз уысына шоғырландыруына алып келген отыз жылдық авторитарлық басқаруы осылай басталған.

Назарбаевтың биліктегі 30 жылы

1989 жылы 22 маусым күні Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан кейін жыл өтпей жатып Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы әрі Қазақ ССР коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін қоса атқарды. Ол коммунистік және советтік билік номенклатурасының барлық сатысынан өткен болатын.

Суретте: СССР президенті және Советтік коммунистік партия орталық комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақта) пен Қазақ ССР президенті әрі Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 25 қыркүйек 1990 жыл.
1/29 1989 жылы 22 маусым күні Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан кейін жыл өтпей жатып Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы әрі Қазақ ССР коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін қоса атқарды. Ол коммунистік және советтік билік номенклатурасының барлық сатысынан өткен болатын.

Суретте: СССР президенті және Советтік коммунистік партия орталық комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақта) пен Қазақ ССР президенті әрі Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 25 қыркүйек 1990 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
1990 жылы 24 сәуір күні Қазақ ССР Жоғары Кеңесі «Қазақ ССР президенті қызметін тағайындау және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Сол күні Жоғары Кеңес жаңадан тағайындалған ең биік лауазымды қызметке 49 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Қазақ ССР делегациясының баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 1981 жыл.
2/29 1990 жылы 24 сәуір күні Қазақ ССР Жоғары Кеңесі «Қазақ ССР президенті қызметін тағайындау және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Сол күні Жоғары Кеңес жаңадан тағайындалған ең биік лауазымды қызметке 49 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Қазақ ССР делегациясының баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 1981 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
1991 жылғы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Бұл сайлауға кандидат болып түскен жалғыз адам - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР президенті болып қайта сайланды.

Суретте: Қазақ ССР президенті сайлауына баламасыз түскен Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде өзіне дауыс беріп жатыр. Оң жақта тұрған - әйелі Сара Назарбаева. Алматы, 1 желтоқсан 1991 жыл.
3/29 1991 жылғы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Бұл сайлауға кандидат болып түскен жалғыз адам - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР президенті болып қайта сайланды.

Суретте: Қазақ ССР президенті сайлауына баламасыз түскен Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде өзіне дауыс беріп жатыр. Оң жақта тұрған - әйелі Сара Назарбаева. Алматы, 1 желтоқсан 1991 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Ресми мәлімет бойынша, алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауына дауыс беру құқығына ие республика азаматтарының 88,2 пайызы қатысқан. Олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа қолдау білдірген. Содан бері Назарбаев Қазақстанды үздіксіз басқарып келеді.

Суретте: Қазақ ССР президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рәсімінде. Алматы, Республика сарайы, 10 желтоқсан 1991 жыл.
4/29 Ресми мәлімет бойынша, алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауына дауыс беру құқығына ие республика азаматтарының 88,2 пайызы қатысқан. Олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа қолдау білдірген. Содан бері Назарбаев Қазақстанды үздіксіз басқарып келеді.

Суретте: Қазақ ССР президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рәсімінде. Алматы, Республика сарайы, 10 желтоқсан 1991 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Президент сайлауынан соң, 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан бұрынғы Совет Одағы құрамындағы республикалардың ең соңғысы болып тәуелсіздігін жариялады. Арада тағы бірнеше күн өткенде Алматыда ТМД ұйымы (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы - ред.) құрылғаны туралы келісімге қол қойылды.

Суретте: ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қою рәсіміне қатысқан мемлекеттер басшылары. Алматы, 21 желтоқсан 1991 жыл.
5/29 Президент сайлауынан соң, 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан бұрынғы Совет Одағы құрамындағы республикалардың ең соңғысы болып тәуелсіздігін жариялады. Арада тағы бірнеше күн өткенде Алматыда ТМД ұйымы (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы - ред.) құрылғаны туралы келісімге қол қойылды.

Суретте: ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қою рәсіміне қатысқан мемлекеттер басшылары. Алматы, 21 желтоқсан 1991 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Президент Назарбаевтың жарлығымен құрылған Қазақстан халықтарының ассамблеясы көтерген бастама бойынша 1995 жылы 29 сәуір күні Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2000 жылғы желтоқсанның 1-іне дейін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум өтті. Ресми мәліметке сәйкес, сайлаушылардың 91,26 пайызы қатысқан дауыс беру нәтижесі бойынша, олардың 95,46 пайызы Назарбаевтың өкілетін ұзартуды мақұлдаған. Бұдан соң Қазақстанда президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу және референдум жасау «дәстүрге» айналды.

Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев астық алқабында. 1992 жыл.
6/29 Президент Назарбаевтың жарлығымен құрылған Қазақстан халықтарының ассамблеясы көтерген бастама бойынша 1995 жылы 29 сәуір күні Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2000 жылғы желтоқсанның 1-іне дейін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум өтті. Ресми мәліметке сәйкес, сайлаушылардың 91,26 пайызы қатысқан дауыс беру нәтижесі бойынша, олардың 95,46 пайызы Назарбаевтың өкілетін ұзартуды мақұлдаған. Бұдан соң Қазақстанда президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу және референдум жасау «дәстүрге» айналды.

Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев астық алқабында. 1992 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Соңғы ширек ғасырдан астам уақытта Қазақстанда бүкілхалықтық президент сайлауы бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді. Қазақ ССР-і кезіндегі алғашқы сайлаудан басқалары заңда белгіленген мерзімінде емес, кезектен тыс өтті.

Сурет: Қазақстан президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беріп тұр. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
7/29 Соңғы ширек ғасырдан астам уақытта Қазақстанда бүкілхалықтық президент сайлауы бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді. Қазақ ССР-і кезіндегі алғашқы сайлаудан басқалары заңда белгіленген мерзімінде емес, кезектен тыс өтті.

Сурет: Қазақстан президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беріп тұр. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2005 жылғы 4 желтоқсанда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев, ресми мәлімет бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 91 пайызының қолдауына ие болып, жеті жыл мерзімге Қазақстан президенті болып тағы сайланды.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев әйелі Сара Назарбаевамен дауыс беруге сайлау учаскесіне келді. Астана, 4 желтоқсан 2005 жыл.
8/29 2005 жылғы 4 желтоқсанда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев, ресми мәлімет бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 91 пайызының қолдауына ие болып, жеті жыл мерзімге Қазақстан президенті болып тағы сайланды.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев әйелі Сара Назарбаевамен дауыс беруге сайлау учаскесіне келді. Астана, 4 желтоқсан 2005 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2005 жылғы 4 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті болып сайланғаны туралы Орталық сайлау комиссиясы берген куәлік. Астанадағы Қазақстанның тұңғыш президенті мұражайынан түсірілген сурет.
9/29 2005 жылғы 4 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті болып сайланғаны туралы Орталық сайлау комиссиясы берген куәлік. Астанадағы Қазақстанның тұңғыш президенті мұражайынан түсірілген сурет.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстан орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, 2011 жылғы 3 сәуірде мерзімінен бұрын өткен президент сайлауына дауыс беруге қатысқан азаматтардың 95 пайыздан астамы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаған.

Суретте: Қазақстан президенті қызметіне кезекті мәрте сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беру рәсімінде. Астана, 8 сәуір 2011 жыл.
10/29 Қазақстан орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, 2011 жылғы 3 сәуірде мерзімінен бұрын өткен президент сайлауына дауыс беруге қатысқан азаматтардың 95 пайыздан астамы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаған.

Суретте: Қазақстан президенті қызметіне кезекті мәрте сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беру рәсімінде. Астана, 8 сәуір 2011 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Президент Назарбаевтың тұсында Қазақстанда жоғарғы заң шығарушы орган - парламент бірнеше рет таратылды. Парламентті кезекті рет таратқан соң, 1995 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың қаңтарына дейін президент Назарбаев заң шығару өкілетін өзіне алып, заң күші, тіпті, конституциялық заң күші бар ондаған жарлық шығарды. Осы кезеңде Қазақстанда Негізгі заң қайта жазылып, 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (ортада - "хан тағында") "Көшпенділер" фильмін түсіру кезінде. 17 ақпан 2004 жыл.
11/29 Президент Назарбаевтың тұсында Қазақстанда жоғарғы заң шығарушы орган - парламент бірнеше рет таратылды. Парламентті кезекті рет таратқан соң, 1995 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың қаңтарына дейін президент Назарбаев заң шығару өкілетін өзіне алып, заң күші, тіпті, конституциялық заң күші бар ондаған жарлық шығарды. Осы кезеңде Қазақстанда Негізгі заң қайта жазылып, 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (ортада - "хан тағында") "Көшпенділер" фильмін түсіру кезінде. 17 ақпан 2004 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Назарбаев Көкшетау аймағында жүр. 2000 жылдар.
12/29 Назарбаев Көкшетау аймағында жүр. 2000 жылдар.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Саяси оппоненттері Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары билікте отырған кезде Қазақстан Конституциясын өзіне ыңғайлап, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізуді әдетке айналдырғанын айтады. Мысалы, 1998 жылғы қазан айында Конституцияға бірден 19 түзету енгізілген соң 1999 жылы қаңтарда кезектен тыс президент сайлауы өтті. 2007 жылы мамырда Конституцияға енгізілген кезекті түзетулердің арқасында Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына еш шектеусіз түсе беретін айрықша құқық иеленді. Сондай-ақ кейін "Қазақстанның тұңғыш президенті" деген ресми атаққа ие болып, іс жүзінде қылмыстық қудалауға жатпайтын тұлғаға айналды.

Суретте: Алматы қаласындағы көше жарнамасы. 7 қаңтар 2009 жыл.
13/29 Саяси оппоненттері Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары билікте отырған кезде Қазақстан Конституциясын өзіне ыңғайлап, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізуді әдетке айналдырғанын айтады. Мысалы, 1998 жылғы қазан айында Конституцияға бірден 19 түзету енгізілген соң 1999 жылы қаңтарда кезектен тыс президент сайлауы өтті. 2007 жылы мамырда Конституцияға енгізілген кезекті түзетулердің арқасында Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына еш шектеусіз түсе беретін айрықша құқық иеленді. Сондай-ақ кейін "Қазақстанның тұңғыш президенті" деген ресми атаққа ие болып, іс жүзінде қылмыстық қудалауға жатпайтын тұлғаға айналды.

Суретте: Алматы қаласындағы көше жарнамасы. 7 қаңтар 2009 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
1995 жылдың сәуірінде өткізілген президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қоса алғанда, Қазақстанда 1995 жылдан бастап өткізілген президенттік және парламенттік сайлаулар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар тарапынан демократия стандарттары мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес деп танылмаған.

Суретте: Астанадағы "Қазақ елі" монументіндегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі.
14/29 1995 жылдың сәуірінде өткізілген президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қоса алғанда, Қазақстанда 1995 жылдан бастап өткізілген президенттік және парламенттік сайлаулар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар тарапынан демократия стандарттары мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес деп танылмаған.

Суретте: Астанадағы "Қазақ елі" монументіндегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстанда 1999 жылы мерзімінен бұрын өткен президент сайлауы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау штабы сайлау біткен соң «Отан» саяси партиясына айналды. Кейін атауын «Нұр Отан» партиясы деп өзгерткен саяси ұйым қазір Қазақстанда заң шығарушы, атқарушы және жергілікті өкілді органдарды бақылап отыр. Елдегі ең ірі саяси партияның құрылымы мен жұмысында бір кездегі советтік коммунистік партияға ұқсастықтар да бар.

Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын «Нұр Отан» партиясының жиынында сөйлеп тұр. Астана, 25 қараша 2011 жыл.
15/29 Қазақстанда 1999 жылы мерзімінен бұрын өткен президент сайлауы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау штабы сайлау біткен соң «Отан» саяси партиясына айналды. Кейін атауын «Нұр Отан» партиясы деп өзгерткен саяси ұйым қазір Қазақстанда заң шығарушы, атқарушы және жергілікті өкілді органдарды бақылап отыр. Елдегі ең ірі саяси партияның құрылымы мен жұмысында бір кездегі советтік коммунистік партияға ұқсастықтар да бар.

Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын «Нұр Отан» партиясының жиынында сөйлеп тұр. Астана, 25 қараша 2011 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2010 жылы 15 маусым күні Қазақстанда билікте отырған елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» (орысша «Лидер нации») деген ресми атақ беру заңмен бекітілді. Заң бойынша, Елбасының бейнесін бүлдіру әрекеттерін жасағандарға айыппұл немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал баспасөз құралдары арқылы жасалған нақ сол әрекеттер үшін үш жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған. Заңда Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына қол тигізбеу құқығы да атап жазылып, оны бұзғандарға бес жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы белгіленді.

Суретте: Қазақ-түрік университетінің музейіндегі Назарбаев бюсті. Түркістан, 2002 жыл. (Сурет авторы - Асылхан Әбдірайым.)
16/29 2010 жылы 15 маусым күні Қазақстанда билікте отырған елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» (орысша «Лидер нации») деген ресми атақ беру заңмен бекітілді. Заң бойынша, Елбасының бейнесін бүлдіру әрекеттерін жасағандарға айыппұл немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал баспасөз құралдары арқылы жасалған нақ сол әрекеттер үшін үш жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған. Заңда Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына қол тигізбеу құқығы да атап жазылып, оны бұзғандарға бес жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы белгіленді.

Суретте: Қазақ-түрік университетінің музейіндегі Назарбаев бюсті. Түркістан, 2002 жыл. (Сурет авторы - Асылхан Әбдірайым.)
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен сәт. 2005 жыл.
17/29 Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен сәт. 2005 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Осы уақытқа дейін жүзден астам кітаптың авторы атанған президент Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы шыққан бір кітабында «қаусап қалса да, СССР-ді 18 жыл басқарған» Леонид Брежневті сынаған еді. Қазақстанда Назарбаевтың кітаптарына арналған көрмелер, ғылыми-практикалық жиындар, байқаулар мен тағы да басқа көптеген шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, тұңғыш президент ән шығарған, тіпті Қазақстанның мемлекеттік әнұранына да өлең жолдарын жазған автор ретінде аталады.

Суретте: Ұлттық кітапхана сөресіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.
18/29 Осы уақытқа дейін жүзден астам кітаптың авторы атанған президент Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы шыққан бір кітабында «қаусап қалса да, СССР-ді 18 жыл басқарған» Леонид Брежневті сынаған еді. Қазақстанда Назарбаевтың кітаптарына арналған көрмелер, ғылыми-практикалық жиындар, байқаулар мен тағы да басқа көптеген шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, тұңғыш президент ән шығарған, тіпті Қазақстанның мемлекеттік әнұранына да өлең жолдарын жазған автор ретінде аталады.

Суретте: Ұлттық кітапхана сөресіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстанда елдің тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атында универститет пен зияткерлік мектептер, бірнеше қор, мұражайлар, саябақтар мен тарихи-мәдени орталықтар жұмыс істейді. Қазақстан ғылым академиясы оны «Ғасыр ғұламасы» деген атақпен марапаттаған.

Суретте: Астанадағы Назарбаев университеті. 29 қараша 2012 жыл.
19/29 Қазақстанда елдің тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атында универститет пен зияткерлік мектептер, бірнеше қор, мұражайлар, саябақтар мен тарихи-мәдени орталықтар жұмыс істейді. Қазақстан ғылым академиясы оны «Ғасыр ғұламасы» деген атақпен марапаттаған.

Суретте: Астанадағы Назарбаев университеті. 29 қараша 2012 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Қазақстанмен бірге бірқатар шет мемлекеттерде Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі салынған мүсін-ескерткіштер орнатылған.

Суретте: Қырғызстанның Ыстықкөл аймағындағы Шолпон-Ата қаласында Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрғызылған ескерткіш. Маусым, 2007 жыл.
20/29 Қазақстанмен бірге бірқатар шет мемлекеттерде Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі салынған мүсін-ескерткіштер орнатылған.

Суретте: Қырғызстанның Ыстықкөл аймағындағы Шолпон-Ата қаласында Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрғызылған ескерткіш. Маусым, 2007 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Бұрынғы СССР құрамында болған елдер арасында тек тек Қазақстанда ғана совет кезінде билікке келген басшы әлі басқарып отыр. 2016 жылы совет кезінен бері билікте ұзақ отырған Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болды. Оның орнына Шавкат Мирзияев президент болып сайланды.

Суретте солдан оңға: Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 7 қыркүйек 2012 жыл.
21/29 Бұрынғы СССР құрамында болған елдер арасында тек тек Қазақстанда ғана совет кезінде билікке келген басшы әлі басқарып отыр. 2016 жылы совет кезінен бері билікте ұзақ отырған Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болды. Оның орнына Шавкат Мирзияев президент болып сайланды.

Суретте солдан оңға: Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 7 қыркүйек 2012 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2011 жылғы 16 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бірнеше айға созылған мұнайшылар ереуілі күшпен басылып, полиция атқан оқтан 16 адам қаза тапты. Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияға ресми сапармен барды. Жергілікті журналистің Жаңаөзен оқиғасына қатысты сұрағына ол «Полицияның ісі дұрыс болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты... Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер?» деп жауап берді.

«Жаңаөзен ісі» бойынша жергілікті абақты басшысы, бірнеше полицей, Маңғыстау облысы әкімі орынбасары, Жаңаөзен әкімі, мұнай компаниясы менеджерлері және оппозиция өкілі, «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар» сотталды.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде кезекшілік атқарған полицейлермен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл
22/29 2011 жылғы 16 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бірнеше айға созылған мұнайшылар ереуілі күшпен басылып, полиция атқан оқтан 16 адам қаза тапты. Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияға ресми сапармен барды. Жергілікті журналистің Жаңаөзен оқиғасына қатысты сұрағына ол «Полицияның ісі дұрыс болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты... Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер?» деп жауап берді.

«Жаңаөзен ісі» бойынша жергілікті абақты басшысы, бірнеше полицей, Маңғыстау облысы әкімі орынбасары, Жаңаөзен әкімі, мұнай компаниясы менеджерлері және оппозиция өкілі, «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар» сотталды.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде кезекшілік атқарған полицейлермен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
"Бүгінде жасы 73-тен асқан Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта кезекті мәрте президент сайлауына түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды" деп жазды Батыс басылымдары 2014 жылы. Сол жылы ақпанда өзінен болашақта сайлауға түсетіні туралы сұраған Bloomberg журналисінің сұрағына Назарбаев: «Мен 2016 жылғы желтоқсанның аяғына дейінгі мерзімге сайланғанмын, уақыты келгенде көрерміз» деп жауап берген.

Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтарының бірлігі күнгі жиында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2012 жыл.
23/29 "Бүгінде жасы 73-тен асқан Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта кезекті мәрте президент сайлауына түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды" деп жазды Батыс басылымдары 2014 жылы. Сол жылы ақпанда өзінен болашақта сайлауға түсетіні туралы сұраған Bloomberg журналисінің сұрағына Назарбаев: «Мен 2016 жылғы желтоқсанның аяғына дейінгі мерзімге сайланғанмын, уақыты келгенде көрерміз» деп жауап берген.

Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтарының бірлігі күнгі жиында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2012 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Назарбаев президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат шарасында. Алматы, 2015 жыл.
24/29 Назарбаев президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат шарасында. Алматы, 2015 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2015 жылы ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы (президент жанындағы кеңесші органды президенттің өзі басқарады) осы жылы елде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасады. Ассамблея сайлау өткізу қажеттігін «жаһандық сынақтардан сәтті өтуі үшін ел президентіне жалпыхалықтық сенім білдірудің жаңа мандатын беру қажеттігімен» түсіндірген. Бұл бастаманы билік партиясынан жасақталған парламент, бірқатар билікшіл партиялар мен президенттің өзі қолдап, Назарбаев сайлауды сәуірдің 26-сына тағайындау туралы жарлық шығарған. Бұл жолғы кезектен тыс сайлауға Назарбаевқа бәсекелесі ретінде көпшілік жұртқа аса таныс емес екі адам – өзін өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов пен билікшіл Қазақстан коммунистік халықтық партиясы кандидаты Тұрғын Сыздықов түсіп жатыр.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында. Астана, 23 сәуір 2015 жыл.
25/29 2015 жылы ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы (президент жанындағы кеңесші органды президенттің өзі басқарады) осы жылы елде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасады. Ассамблея сайлау өткізу қажеттігін «жаһандық сынақтардан сәтті өтуі үшін ел президентіне жалпыхалықтық сенім білдірудің жаңа мандатын беру қажеттігімен» түсіндірген. Бұл бастаманы билік партиясынан жасақталған парламент, бірқатар билікшіл партиялар мен президенттің өзі қолдап, Назарбаев сайлауды сәуірдің 26-сына тағайындау туралы жарлық шығарған. Бұл жолғы кезектен тыс сайлауға Назарбаевқа бәсекелесі ретінде көпшілік жұртқа аса таныс емес екі адам – өзін өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов пен билікшіл Қазақстан коммунистік халықтық партиясы кандидаты Тұрғын Сыздықов түсіп жатыр.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында. Астана, 23 сәуір 2015 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2016 жылы күзде Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне сұхбат берді. Сұхбатында ол "2020 жылға дейін жұмыс істейтінін" айтты. Ол агенттік тілшісіне қалжыңға сүйеп, "ал 2020 жылы біз екеуміз қайта кездесеміз" деді. Назарбаев келесі сайлауға түсу туралы айтуға ертерек екенін, бұл мәселенің халық қолдауына, өзінің денсаулығына байланысты шешілетінін мәлімдеді. Осы жолы ол билікті біреуге мұраға беріп кету ойы жоқ екенін айтты.

Суретте: Назарбаев Bloomberg тілшілерімен әңгімелесіп отыр. Агенттік сайтында әңгіменің 2016 жылы 22 қарашада Астанада Ақорда резиденциясында болғаны жазылған. Bloomberg «бұрынғы СССР елдері басшылары ішінде билікте ең ұзақ отырған лидер экономикалық дағдарыс кезінде демократиялық реформа жасамай, бұл процесті екі онжылдық бойы кешіктіріп келеді» деп жазған.&nbsp
26/29 2016 жылы күзде Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg агенттігіне сұхбат берді. Сұхбатында ол "2020 жылға дейін жұмыс істейтінін" айтты. Ол агенттік тілшісіне қалжыңға сүйеп, "ал 2020 жылы біз екеуміз қайта кездесеміз" деді. Назарбаев келесі сайлауға түсу туралы айтуға ертерек екенін, бұл мәселенің халық қолдауына, өзінің денсаулығына байланысты шешілетінін мәлімдеді. Осы жолы ол билікті біреуге мұраға беріп кету ойы жоқ екенін айтты.

Суретте: Назарбаев Bloomberg тілшілерімен әңгімелесіп отыр. Агенттік сайтында әңгіменің 2016 жылы 22 қарашада Астанада Ақорда резиденциясында болғаны жазылған. Bloomberg «бұрынғы СССР елдері басшылары ішінде билікте ең ұзақ отырған лидер экономикалық дағдарыс кезінде демократиялық реформа жасамай, бұл процесті екі онжылдық бойы кешіктіріп келеді» деп жазған.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Назарбаев Бірлік күні мерекесінде жүр. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.
27/29 Назарбаев Бірлік күні мерекесінде жүр. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2017 жылы 25 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті телеарнадан сөйлеп, Қазақстан халқына үндеу жариялады. Ол билік тармақтары арасында билік өкілеттіліктерін бөлу реформасын бастайтынын мәлімдеді. Назарбаев өзіне тиесілі бірқатар өкілеттікті парламент пен үкіметке беретінін айтты. Ол бұл ниетін "қазіргі заман талаптары" мен "демократиялық реформалар рухына" сәйкес болу мақсатымен түсіндірді. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді парламент екі жұмыс күні ішінде мақұлдады. Биліктің айтуынша, бұл өзгерістер елдің жағдайына қатысты парламент пен үкіметтің жауапкершілігін күшейтеді. Freedom House халықаралық ұйымы реформаны "ескі фасадқа жағылған тағы бір қабат бояу" деп атады.
28/29 2017 жылы 25 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті телеарнадан сөйлеп, Қазақстан халқына үндеу жариялады. Ол билік тармақтары арасында билік өкілеттіліктерін бөлу реформасын бастайтынын мәлімдеді. Назарбаев өзіне тиесілі бірқатар өкілеттікті парламент пен үкіметке беретінін айтты. Ол бұл ниетін "қазіргі заман талаптары" мен "демократиялық реформалар рухына" сәйкес болу мақсатымен түсіндірді. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді парламент екі жұмыс күні ішінде мақұлдады. Биліктің айтуынша, бұл өзгерістер елдің жағдайына қатысты парламент пен үкіметтің жауапкершілігін күшейтеді. Freedom House халықаралық ұйымы реформаны "ескі фасадқа жағылған тағы бір қабат бояу" деп атады.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
2019 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді. Назарбаев үндеу жасап жатқанда қол қойған "Қазақстан Республикасы президентінің өкілетін атқару туралы" жарлыққа сәйкес, оның президенттік өкілеті 20 наурызда тоқтатылады. Назарбаев сайлауға дейін уақытша президент қызметін парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін жариялаған сәт. Астана, 19 наурыз 2019 жыл.
29/29 2019 жылғы 19 наурызда Астана уақытымен сағат 19:00-да Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді. Назарбаев үндеу жасап жатқанда қол қойған "Қазақстан Республикасы президентінің өкілетін атқару туралы" жарлыққа сәйкес, оның президенттік өкілеті 20 наурызда тоқтатылады. Назарбаев сайлауға дейін уақытша президент қызметін парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты.

Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін жариялаған сәт. Астана, 19 наурыз 2019 жыл.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Previous slide
Next slide

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Соның алдында, 1989 жылғы 22 қыркүйек күні Қазақстанда "Тілдер туралы" заң қабылданған болатын. Ол заңда, сол кездегі Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық тіл деп бекітілді. Ол кезде қазіргідей ресми тіл деген атау болмаған.

"БАСҚА ҰЛТТАР СИЯҚТЫ КӨШІП КЕТЕ АЛМАЙМЫЗ"

Бейресми ұйымдар Қазақстан тәуелсіздік алар қарсаңда осы әрекеттің басы-қасында жүрген. Олардың кейбір ұсыныс, идеяларын кейін билік өз ұпайын түгендеу үшін иемденіп кетті деген сын да айтылды.

– Халқымыз өз елінде азшылыққа айналды. Тіл туралы заң қабылдағанда бүкіл республикалар ішінде бізде ғана ең либералды заң қабылданды. Сондықтан тіліміз іске аспай жатыр. Өйткені заңымыздың өзі не әрі, не бері емес талаппен жасалған. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дейді де, соңынан орыс тілі ұлтаралық тіл дейді. Сонда елімізде тұратын қазақ, өзбек, ұйғыр қазақ тілінде сөйлемесе, ондай ол қандай мемлекеттік тіл болғаны? Осындай түсініксіз заңдар қабылдап жатырмыз, – деп сын айтқан "Желтоқсан" қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы Хасен Қожахмет.

Ол сол кезде қабылданған Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны да сынаған.

– Бұл декларациямен халқымыздың көсегесі көгереді деп айта алмаймын. Егер қазақ халқының мүддесі қорғалмаса, өз елінде жағдайы жақсармаса, қазақ халқы ондай заңдарға еш уақытта риза болмайды. Қазақ халқы талап ете береді және үкіметке де тыныштық болмайды. Өйткені біз басқа ұлттар сияқты көшіп кете алмаймыз. Сондықтан жағдайымызды жақсартатын заңдар шықпайынша халық талап ете береді, – деген ол.

"ҚАТЕЛІК ЕМЕС – ҚАСТАНДЫҚ"

Совет одағында Қазақстан өзінің байырғы тұрғылықты халқының саны ең аз ел болды: қазақтардың үлесі 50 пайызға да жетпейтін. Азаттық радиосы хабарларында тың көтеру жылдары бұл көрсеткіштің 28 пайызға дейін түсіп кеткені айтылған. Осындай жағдайда елдің саяси құрылымы қандай болуға тиіс?

– Кеңес Одағындағы ең қиын жағдай Қазақстанда қалыптасып отыр. Осыған дейін көп ұлтты мемлекетпіз деп жариялап жүргенбіз. Басқа көп ұлтты мемлекеттер мәселені өз халықтарының пайдасына шешіп алып жатыр, – деген "Желтоқсан" қоғамдық бірлестігінің тең төрағаларының бірі Аманжол Нәлібаев шетелде тұратын қазақ диаспорасын атамекенге шақырып, оны заңдастыру мәселесіне де тоқталған. Ол қазақтардың азшылықтан көпшілікке айналуға деген ұмтылысына қатысты ұсыныстар айтқан.

– Қазақстанда дұрыс заң қабылдану үшін, парламент дұрыс жұмыс атқару үшін қазақ халқының саны көп болуы керек. Соған қатысты заңды біздің парламент тіресіп шығармай отыр. Шетелде жүрген қазақтарды, шетелді қойғанда мына көрші Түркіменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Ресейде жүрген қаншама қандасымызды елге қайтып келіп, жағдайын жақсартудың жолдарын парламент жауып отыр. Дәл осыған мен риза емеспін. Бұған қателік деп емес, қастандықпен тең нәрсе деп қарау керек, – деген ол.

Бұл сұхбат берілген 1990 жылы шетелдегі қазақтардың көшін реттейтін "Халықтың көші-қоны туралы" заң әлі шықпаған еді.

– Назарбаевпен кездесуге барғанда осы мәселелерді айттық. Бірақ ол соған сай әрекет істемей отыр. Шеттен келетін қазақтарды асырауға бір тиын ақшамыз жоқ деген сияқты сылтаулар айтады. Бейресми ұйымдар сырттан келген бауырларымызды өз қаражатына орналастырып жатыр. Ал үкімет тарапынан көмек болып жатқан жоқ. Біз соған риза емеспіз, – деген еді Аманжол Нәлібаев.

"КОМПАРТИЯ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРҒА КӨМЕКТЕСПЕЙДІ"

Осындай бастамалар көтерген бейресми ұйымдардың әрекеті қалай жалғаспақ, немесе немен аяқталуы мүмкін? Қатер неден? Олардың ішінде өз наразылықтарын жер телімін, үй басып алу арқылы білдіргендер жазаға ілініп кете ме, қайтеді? "Желтоқсан" қоғамдық бірлестігінің тең төрағалары Хасен Қожахмет және Аманжол Нәлібаев 1990 жылы Азаттық радиосына берген сұхбатында осы мәселе туралы өз топшылауларын білдірген.

Олар көптеген бейресми саяси партиялар мен ұйымдардың мүшелерін билік абақтыға жапқанын, кейбіріне түрлі айып тағып, сотқа тартқанын айтып, коммунистік өкіметтің іс-әрекетін сынаған.

Совет билігіне қарсы болғаны үшін сотталып, түрмеде болған Хасен Қожахмет өз талаптарын көшеде жиналып жеткізудің бір себебін қоғамдық ұйымдардың кеңсесі жоқтығымен түсіндірген.

– Компартия қоғамдық ұйымдарға көмектеспейді. Керісінше, газет беттерінде жамандап сөйлейді. Тек өздерін мақтап сөйлеуден әлі де таңбай келе жатыр. Осы арқылы жаңа ұйымдардың дамуына кедергі болып отыр. Әлі жас ұйымдар өте көп, – деген диссидент Хасен Қожахмет.

1990 жылы "Желтоқсан" қоғамдық бірлестігінің басшылары Хасен Қожахмет пен Аманжол Нәлібаевтың Азаттық радиосына берген осы сұхбатын "Азаттық толқынында" подкасының бірінші эпизодынан толық тыңдауға болады. Сұхбаттың жалғасы "Азаттық толқынында" подкасының келесі эпизодына беріледі.

"Азаттық толқынында" подкасын Азаттық сайтынан, подкаст платформаларынан және Азаттықтың YouTube-арнасынан тыңдай аласыздар.

• 16x9 Image

Қуанышбек ҚАРИ

"Азаттық-70", "Азаттық толқынында" подкастарының және "Шайхана" блогының авторы. Азаттықтың Алматы бюросының бас редакторы болған. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған.

Айдар
XS
SM
MD
LG