AzattyqLIVE хабарында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» сериалы жайы талқыланды. Студия қонағы сценарий авторы Смағұл Елубай болды.
Абайтанушы ғалым, КарЛАГ тұтқыны Қайым Мұхамедхановтың туғанына қаңтар айында 100 жыл толды. Осы ретте Азаттық жазушы Тұрсын Жұртбайдан сұхбат алған еді.
Түркияда тұратын суретші қазақ жастары «болашақта шығармаларымызды Қазақстанның атынан шығарсақ» деп армандайды.
Қазақ философиясының бастауын Ресей отаршылдығынан бұрынғы қазақтың дәстүрлі мәдениетінен іздеу қажет.
Алматыдағы «АРТиШОК» театрының залында этномузыкант Еділ Құсайынов жеке концерт қойды. Концерт алдында өнерпаз Азаттыққа шығармашылық мәселелері жөнінде сұхбат берді.
Қазақстандық Әділ Жәлелов (Скриптонит) Ресейде «Жыл рэпері» атанды. Қазақстанның солтүстігіндегі шағын қаладан шыққан әрі бұрын танылмаған музыканттың альбомы орыс рэпі жайлы пікірді өзгертті.
Қазақстандық кино өнері үшін аяқталып отырған жыл несімен ерекшеленді? AzattyqLIVE хабарында киносыншы Гүлнәр Әбікеевамен әңгіме осы жайында өрбіді.
AzattyqLIVE хабарында қоғамның 2015 жылғы мәдени өмірі талқыланды. Студия қонағы - жазушы, «Мәдениет» журналының бас редакторы Дулат Исабеков.
AzattyqLIVE «Қазақ киносы «Алашорда» образын жеткізе алды ма?» деген сауалды талқылады. Хабар қонағы - режиссер Сатыбалды Нарымбетов.
Бішкектің Октябрь ауданы соты қазақстандық «Регион 13» фильмін Қырғызстан аумағында көрсетуге тыйым салды. Оған Қырғызстандағы қоғамдық ұйым арызы түрткі болған.
Өзбекстан билігі Әндіжан қаласы орталығындағы 13-ғасырда салынған мұнараны бұзып, орнына фонтан тұрғызбақшы.
Алматыда қойылған «Желтоқсан желі» спектаклінен соң «1986 жылғы оқиғаның ұйымдастырушылары» туралы ескі сұрақ қозғалып, «драматургтердің ішкі цензурасы» жайлы пікірлер айтылды.
Тағы