Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының лидері Ақылбек Мұратбай (Мұратов) Алматының тергеу абақтысында бір жыл экстрадициялық қамауда отырып шықты. Азаттық Азияға берген сұхбатында белсенді түрмеде өткізген бір жылы мен алдағы жоспары жайлы баяндады.
Қорғаныс министрлігінің өкілі Мұрат Олжабаев қазіргі кезде Қазақстан армиясында жоғары деңгейдегі офицерлер жеткілікті, кадр тапшылығы жоқ деді. Ал кейбір сарапшы ел армиясына кәсіби білікті маман мен қорғаныс саласына түбегейлі реформа жүргізу қажет деп есептейді.
Қазақстан президенті "Жаңа адамдар" жастар қозғалысының форумына қатысты. Қозғалыс бұған дейін несімен көзге түскен? Оның артында кім тұр? Ресейдегі "Новые люди" партиясымен ұқсастығы қандай? Азаттық осы сұрақтардың жауабын іздеп көрді.
Қазақстандық белсенді Қуат Ахметовті Украинадан ұрлап әкетпек болған ресейлік агенттің жоспары іске аспай қалған. Бұл жайт "Досье" орталығы журналистерінің қолына түскен Ресей барлау қызметінің құпия құжаттарынан белгілі болды. Азаттық белсенді ісінің мән-жайын өзінен және оны танитындардан сұрады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресей басшысы Владимир Путинмен кездескісі келеді. The Diplomat басылымының редакторы Кэтрин Путц Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанның бүгінгідей дипломатиялық тепе-теңдікті сақтауының пайдасы да, қауіпті жақтары да бар деді.
28 қаңтарда Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында елде атом электр станциясын салу жоспары бойынша қандай іс-шаралар атқарылып жатқаны баяндалды.
1993 жылғы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан мемлекеті алғашқы Конституциясын қабылдады. Негізгі заң жобасы жарты жылдан аса талқыланды. Сол кезде Азаттық радиосы жобадағы негізгі мәселелер туралы репортаждар әзірлеген.
Қазақстанда Qaznews24 сатиралық ресурсының авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдірген адамдардың акциялары жалғасып жатыр. Билікт Еңсебекті "ұлтаралық араздық қоздыратын" пост жариялаған деген күдікпен екі айға қамауға алынған. Оған қолдау білдіріп, көшеге шыққан өзге адамдар да жаза арқалап жатыр.
АҚШ-тың 47-президенті болып сайланған Дональд Трамп 20 қаңтарда ант беріп, ресми түрде қызметіне кіріспек. Бұған дейін де бір мерзім президент болған Трамп дипломатиялық нормаларды қатаң ұстана бермейтіндігімен белгілі. Сондықтан оның инаугурациясы да дәстүрдегіден өзгешелеу өткелі отыр.
"Қазатомөнеркәсіп" ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясы қазақстандық "Заречное" бірлескен кәсіпорнындағы үлесін Қытайға сатқанын хабарлады. Бұған қоса Ресей Қазақстанда уран өндіретін тағы екі кәсіпорындағы үлесін сатқан болуы мүмкін. Азаттық осы мәмілелердің жай-жапсарына үңіліп көрді.
Қазақстанда президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары деген лауазым қайта пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қызметке Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны тағайындады. 8 қаңтарда Тоқаев Сатыбалдыны қабылдап, жойылған лауазымды неге қайта енгізгенін түсіндірді.
Тағы