Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов өзін "ресейшіл" дегендерге жауап ретінде видеомәлімдеме жасады. Қазақстанның экс-премьері тек қазақ тілінде, ақын-жазушылардан цитата келтіріп, мақал-мәтел араластыра сөйледі. Ту сыртында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің тулары тұр.