Украин әскері Курск облысындағы операциясын жалғастырып жатыр. Кейінгі ақпаратқа қарағанда, Ресейдің 74 елдімекені Украина қорғаныс күштерінің бақылауына өткен. 14 тамызда 100 орыс сарбазы тұтқынға түскені хабарланды.
Ресей билігі Украина әскері Курскіде 28 елдімекенді бақылап отырғанын мойындады. Бұл аумақтан 121 мыңдай адам көшірілген. Украина президенті бұл операцияны «Путиннің ақыры» деп атады. Ресей президенті «Киев келіссөздегі салмағын арттыру үшін осындайға барып отыр» деп, бұл жағдайға Батысты айыптады.
Украина әскерінің Ресейдің Курск облысына шабуылы жалғасып жатыр. Украинамен шекарадағы Курск облысынан мыңдаған адам эвакуацияланды.
Америкалық тарихшы әрі жазушы Тимоти Снайдер Азаттықтың Украин қызметіне сұхбат беріп, Мәскеудің Киевке қарсы соғысын тоқтатудың ықтимал сценарийлері, Ресейдің империя ретінде күйреу қаупі, Украинадағы мобилизация мәселесі, келіссөздердегі маңызды дүниелер жайлы ой бөлісті.
Ресей президенті Владимир Путин 1 тамызда өткен тұтқын алмасу шарасында түрмедегі бірнеш ресейлік пен шетел азаматын босатты. Ол мұндай қадамға не үшін барды?
Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді?
Қазақстан мұнайының көбін Еуропа елдеріне тасымалдайды. Басым бөлігін Ресей аумағынан өтетін Каспий құбыр консорциумы арқылы жөнелтеді. Мәскеу қазақ мұнайы өтетін құбырды қайта-қайта жауып тастай берген соң Астана шикізат тасымалдайтын балама жол іздеді.
Украина шақырған саммиттің қатысушылары соғысты аяқтауды көздейтін процестің басталғанын құптады, бірақ мұндай жиынға Мәскеу де қатысқаны жөн дегенге тоқтады.
Тағы