АҚШ-Украина-Ресей келіссөзінің кезекті кездесуі алдағы аптада өтуі мүмкін. Бұл жолғы жиын Әбу-Даби не Майамиде болуы ықтимал. Кремль тараған ақпаратқа әзірге ештеңе демеді. Ал Еуропа Украинаның қорғаныс саласын қолдауға қомақты көмек беретінін мәлімдеді.
Ресей генералына қастандық жасады деген күдікті Дубайда ұсталды. Мәскеу оның артында Украина тұр дейді. АҚШ мамырда Украинада президент сайлауы мен референдум өткізу мүмкіндігін қарастырып отыр. Референдумға Донбасс және өзге де Ресей бақылауындағы аумақтардың кімге тиесілі екені сұрала ма?
Ресей Украинаға басып кіргелі 50 мыңнан астам ресейлік соғысқа күштеп жөнелтуден қашуға мәжбүр болған. Олар пана іздейтін елдің бірі – Қазақстан. Қазақстан мұндай азаматтардың тізімін жүргізбейді, дегенмен құқық қорғаушылар көмек сұрап келген кемі 10 әскери қызметкер барын айтады.
Украина мен Ресей Әбу-Дабидегі келіссөзден кейін тұтқын алмасты. Келіссөздің келесі раунды АҚШ-та өтуі мүмкін. Мәскеуде Ресей генералына қастандық жасалды. АҚШ пен Ресейдің ядролық қару санын шектеу туралы келісімінің мерзімі өтіп кетті. Трамп мұны жалғастырғысы келмейді.
Ресей әскерінің жаппай шабуылынан кейін Киевтегі ахуал әлі де күрделі. Энергетиктер күшейтілген режимге көшіп, күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Қаланың әр бөлігінде жылжымалы бекеттер қойылған. Жұрт жылынып, ыстық тамақ іше алады. Сондай орынның бірі – Мызғымастық вагондары.
Сонымен бірге олар кремльшіл тележүргізушілер Екатерина Андреева мен Павел Зарубинге санкция салды.
АҚШ-Украина-Ресей келіссөзінің кезекті жиыны жақындаса да, Ресей әскері бейбіт тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды атқылауды доғармай отыр. 28 қаңтар кешкісін барлау деректеріне сүйенген Украина президенті «Мәскеу жаңа соққыға дайындалып жатыр» деп мәлімдеді. Ресми Кремль бұған ештеңе демеді.
Еуропа 2027 жылдан бастап Ресей газынан толық бас тартатын құжатты мақұлдады. Осы арқылы Батыс елдері Мәскеуге энергетикалық кіріптарлықтан арылуды көздеп отыр. Владимир Зеленский Вашингтон-Киев-Мәскеу келіссөзі жалғасатынын, бітім процесінің созылуы "тек Ресейге тиімді" екенін айтты.
Ресей, Украина және АҚШ өкілдері Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу‑Дабиде өтетін үшжақты келіссөздерге аттанды. Кездесудің басты тақырыбы – жер дауы. Кездесу қарсаңында Кремль «Украина күштері Донбасс аумағынан кетуі керек» деп шарт қойды.
Тағы