27 тамызда Ресей әскері Украина қалаларына тағы да дрон ұшырып, бірнеше жарылыс болды. Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтату жоспары барын, келесі айда оны АҚШ президентіне көрсететінін айтты және Украинаның жаңа баллистикалық зымыран жасап шығарғанын мәлімдеді.
26 тамызда Ресей Украина қалаларына зымыран, дрон ұшырып, бірнеше сағат бомбалады. Бірнеше адамның қаза тапқаны хабарланды. Қауіп күшейген Киевте тұрғындар бас сауғалап, метроға тығылған. Ресейдің бірнеше облысында да жарылыс болып, тұрғын үйлер бүлінді.
Украина әскері басып алған Ресейдің Суджа қаласындағы тұрғындар соғыспен алғаш рет бетпе-бет келіп отыр. 20 тамызда Украина билігі ұйымдастырған пресс-тур аясында Азаттықтың Украин қызметінің тілшілері Суджаға барып, қаладағы ахуалды көріп қайтты.
Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский Курскіде 93 елді мекен мен 1263 шаршы шақырым аумақ Украина әскерінің бақылауына өткенін хабарлады.
АҚШ алдағы уақытта Украинаға алысқа ұшатын JASSM қанатты ракетасын беруге ашық екенін меңзеді. АҚШ бұл ракетаны Украинаға берсе қандай көмек болады?
Украин әскерінің Курскіге шабуылына бүгін 13 күн. Осы уақыт аралығында Киев сексеннен астам елді мекенді бақылауына алып, орыс әскеріне стратегиялық маңызы бар көпірлерді қиратты. Ал Ресей соғыс алаңына 5 мың сарбазын жібергені хабарланды.
Украина Ресейдің 82 елді мекенін басып алғанын мәлімдеді. Ал Ресей Курск шекара аймағындағы украин әскерлерінен бір ауылды қайтарып алғанын, көршілес Белгород облысына «қосымша күштерді жіберетінін» хабарлады. Курск облысындағы операция барысынан кейінгі хабарды ұсынамыз.
Украин әскері Курск облысындағы операциясын жалғастырып жатыр. Кейінгі ақпаратқа қарағанда, Ресейдің 74 елдімекені Украина қорғаныс күштерінің бақылауына өткен. 14 тамызда 100 орыс сарбазы тұтқынға түскені хабарланды.
Ресей билігі Украина әскері Курскіде 28 елдімекенді бақылап отырғанын мойындады. Бұл аумақтан 121 мыңдай адам көшірілген. Украина президенті бұл операцияны «Путиннің ақыры» деп атады. Ресей президенті «Киев келіссөздегі салмағын арттыру үшін осындайға барып отыр» деп, бұл жағдайға Батысты айыптады.
Украина әскерінің Ресейдің Курск облысына шабуылы жалғасып жатыр. Украинамен шекарадағы Курск облысынан мыңдаған адам эвакуацияланды.
Тағы