Жаркент қаласындағы Панфилов аудандық соты Қылмыстық кодекстің "Шекараны заңсыз кесіп өту" бабы бойынша айыпталған Қытай қазағы Қайша Ақанның ісін қарап, үкім шығарды.
"Қытайдан Қазақстанға қашып келдім" деген тағы бір этникалық қазақ Нұр-Сұлтаннан босқын мәртебесін сұрайды. Көші-қон полициясы Шыңжаң қазағының босқын мәртебесін сұраған өтінішін қабылдап алғанын растады.
ҰҚК "қазақ-қытай шекарасынан заңсыз өтті" деген айып тағылған Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімұлын Қытайға беру керек пе?
Қытайдан Қазақстанға көшіп келген ерлі-зайыпты Мұратхан Айдарханұлы мен Зағи Құрманбайқызы "Шыңжаңдағы лагерьде жылға жуық отырып шықтық" дейді. Олар Азаттыққа қамауда көргендерін айтып берді.
24 қарашада Журналистердің халықаралық зерттеу консорциумы (ICIJ) "Қытай билігіне тиесілі" құпия құжатты жариялады. "Телеграмма" деп аталатын құжатта Пекиннің Шыңжаңдағы лагерьлерге қамалатын адамдарды анықтау жолы, саяси тәрбиелеу орталықтарының қалай басқарылатыны жазылған.
Қытайдан қоныс аударған кей қазақтар жарты жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмай жүргенін айтады. Заң бойынша, шетелде туған қазақтарға Қазақстан азаматтыққа өтініші үш айда қаралуы тиіс.
12 қарашада Жаркент қаласындағы Панфилов аудандық сотында қазақ-қытай шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыпталған Шыңжаң қазағы Қайша Ақанның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды. Алғашқы отырыста айыпталушы жауап берді.
Қытайдан "шекараны кесіп өтіп", Қазақстанда екі айға қамалған Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына "пана іздеуші тұлға" куәлігі беру туралы шешім қабылданған. Бұл туралы екеуінің адвокаты Бауыржан Азанов хабарлады.
Қытайдан Қазақстанға көшіп келген қазақ отбасы көп ұзамай еріксіз екіге бөлінді. Шешелерін Қытай жібермей қойғанын балаларға қалай түсіндіремін дейді әкесі. Олар сыртқы істер министрлігінің "Қытайға сұрау салдық" деген хатынан үміттенеді.
"Қазақ-қытай шекарасын кесіп, бергі бетке өткен" Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын 14 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі әкетті.
"Шыңжаңдағы лагерьлерде қазақтар жоқ" дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Лагерьде қамауда отырған туыстарының аты-жөнін атап, суретіне дейін көрсеткендер "мұндай мәлімдемеден соң біздің туғандарымыз ескерусіз, іздеусіз қала ма" деп торығады.
АҚШ "Шыңжаңда ұйғырлар мен қазақтарға және басқа да мұсылмандарға қысым жасауға қатысы бар" Қытайдың 28 компаниясы мен фирмасына санкция салды.
Тағы